Бүгінгі аят



БІР САУАЛ



Бұрынғы намаздардың қазасын өтеу міндет пе?
Сұрақ:

Өтіп кеткен намаздардың қазасын өтеу міндет пе? Егер тиіс болса, сүннетті оқымай қазаны орындау керек пе? 

Жауап:

Біздің мәзһабта намазды уақытысында өтеу қалай парыз болса, оның қазазын өтеу де солай парыз. Екеуіне де Алла Тағаланың мына аяты дәлел: وأقيموا الصلاة وآتوا الزكاة واركعوا مع الراكعين «Намазды толық орындаң-дар, зекет беріңдер, сондай-ақ (Алланың құзырына) иілу-шілермен бірге иіліңдер»[1].

Бұл аят намазды толық орындаңдар деп тұр. Яғни өз уақытында оқу немесе уақыты өтіп кетсе қазасын өтеу керек. Пайғамбарымыз  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: من نسي صلاة فليصل إذا ذكرها, لا كفارة لها إلا ذلك «Кімде-кім намазын ұмытса, есіне түскенде оқысын. Оған содан басқа кәфарат жоқ»[2].

Егер қаза намазын ұмытқан адамға өтеу уәжіп болса (күнәсі түсуі мен қиыншылық көтерілуімен бірге), онда әдейі тастағандарға өтеуі міндетті түрде уәжіп болады. Кімнің біраз уақыттан бері қаза намазы болса, тәубе етіп, қазасын өтеуге кірісуі керек.

Күнделікті оқып жатқан әрбір парыз намазына қаза намазын қосып өтесін. Нәпілдің орнына қазаларды орындаған дұрыс. Өйткені, парыздың сауабы нәпілдің сауабынан артығырақ. Әрбір өтеп жатқан парыз намазына қаза намазын қосып өтеудің абзалдығына Пайғамбарымыздың  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мына хадисі дәлел: من أدرك منكم صلاة الغداة من غد صالحا فليقض معها مثلها «Кімде-кім сау күйінде ертеңгі намазына жетсе, онымен бірге өткен қаза намаздарын өтесін»[3].

Хитоби: «Бұл жердегі бұйрық, қазаны өтеудегі артықшылық уақытты табу үшін мұстахабқа ұқсайды», - деді. Осылайша қаза намаздарын өтеп болдым дегенше орындай береді. Егер ажалы жетіп қазасын өтей алмаса, Алла Тағала өзінің кеңшілігімен кешірім етеді. Ал енді, қаза намаздарды сүннеттердің орнына оқу жайлы келсек, Ханафи мәзһабы бойынша «Хашияту әт-Тахтауи»[4] атты кітапта сүннет емес, нәпіл намаздар жайлы айтылған.

Яғни, ол жерде: «Бекітілген сүннет, дұха, тәсбих және хабарда келген намаздардан басқа нәпілді оқығаннан, қаза намаздарын өтегені абзалырақ. Соны (яғни, бекітілген сүннет намаздарды) нәпіл ниетімен, ал одан басқасын қаза ниетімен оқиды (яғни, бекітілген сүннет, дұха, тәсбих және хабарда келген намаздардан басқа нәпіл намаздарды қаза ниетімен оқиды).

[1] «Бақара» сүресі, 43-аят.

[2] Бұхари, Мүслім.

[3] Әбу Дәуіт риуаяты.

[4] Хашияту әт-Тахтауи әлә мәроқи әл-фәләх шархи нури әл-идах, 447-бет. 

ДҰҒАЛАР


 

Dua.jpg 
.
«Дұға» –араб тілінен енген сөз. Ол тілдік жағынан – сұрау, шақыру, қалау, жәрдем өтіну деген мағыналарды береді. Ал терминдік жағынан  Алла тағаланың құдіретінің, ұлылығының алдында құлдың өз әлсіздігін  сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауы дегенді білдіреді.

 

Діни оқу орындары


    
duhovnoe_obrazovanie.jpg

 

Қазіргі таңда Қазақстанда

2300-ге жуық мешіт бар.

Бұл мешіттердің көпшілігінде ислами базалық негізде білім беретін сауат ашу курстары жұмыс істейді.

Сонымен қатар,

діни білім беретін медреселер мен

«Нұр-Мүбарак» университеті, Имамдардың білімін жетілдіру курсы жұмыс істейді.

 

НАМАЗ


 

namaz.jpg
.

Намаз - Исламның екінші бағаны.

Намаз оқу мұсылмандардың Аллаһқа сенуі және сәжде етуі.

Бұл бөлімде Сіз намазды қалай оқу керектігі жайлы толық

мәлімет ала аласыз!

ЗЕКЕТ ҚОРЫ



Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.ғ.с): «Мал-мүліктеріңді зекетпен қорғандар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» (2), - деген  хадисі  көп нәрсені аңғартса керек.

 

 

 

Зекет_лого.jpg

Жеті керемет



 

zheti_kere.jpg

Жердің жүзін мекендеген  халықтардың  көбісі  ерте  кезден-ақ жеті  санында  сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын  да ұлттар бар. Біздің  
ата-бабаларымыз да жеті  санын қастерлеп, бірқатар  таным-түсініктер мен 
жүйелерді жеті санымен   атайды. Бұл бөлімнен әлемнің  әр елінде  кездесетін  7 керемет туралы  мәлімет  ала  аласыз... 

ҚҰРАН ОҚУ КУРСЫ



                                        

kursi006.jpg
 

Тараз қаласы орталық мешітінің жанынан Исламның базалық негіздері бойынша курстар  ашылды. Сабақтар қолайлы графикпен аптасына бірнеше рет жүргізіледі.

 

kursi007.jpg

 

                  Өткізілетін пәндер:

 

Араб әліппесі

Тажуид

Құран

Ақида

Ғибадат

Фиқх

 

 

Қанатты сөз – қазына



МАҚАЛАЛАР

26.05.2017. Тағдырға байланысты тартысуға неліктен тыйым салынған?

Бірде Пайғамбарымыз (с.а.у.) тағдырға байланысты сөз таластырып отырған сахабаларын көріп: «Сендерге осыларды істеу әмір етілді ме? 



205

26.05.2017. Рамазан айында 4 санаттағы адамның күнәсі кешірілмейді.

Алла қаншалықты ұлық, Рамазан айы қаншалықты қасиетті болса да, мына 4 түрлі адамның тілегі, ниеті қабыл болмайды.



264

26.05.2017. Жол бойының да ақысы бар.

Мүминге тəн қоғамдық этиканың бірі – жол жүру мен жолай ұшырасқан жүргіншілерге де қатысты өрбиді. Жолай əңгіме-дүкен құрып отырғандарды көрген Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) бұдан тыюдың амалын ойлап, жол бойына жайғасып отырып əңгіменің көрігін қыздырғысы келгендерге: «Олай болса, жолдың ақысын беріңдер» деп ескерткен.



174

26.05.2017. Ридуан періштесі туралы не білеміз?

Бұл періштенің міндеті – жұмақты күзету. Ридуан періштесі кейбір діни мәлімет көздерінде Хазин деп те айтылады. Хадистерде де Хазин деген періштенің аты кездеседі. Асылында Ридуан мен Хазин бір періште болса керек. 



177

26.05.2017. Ораза бұзылғанда қазасы ғана өтелетін жағдайлар

Емдік мақсатта денеге бір нәрсе кірсе, ораза бұзылады. Қазасын өтеу керек. Қателесіп, бір нәрсе ішіп-жеу оразаны бұзады. Яғни бір адам ораза екенін біле тұрып, қателесіп бір нәрсе ішіп-жесе, оразасы ұзылады. 



173

25.05.2017. Мас көрші

 Имам Ағзам хазреттерінің бір көршісі бар еді. Үйлері тиіп тұратын. Әр күні түнде үйіне ішіп келіп, таңға дейін ән айтып, саз шалып, шулап, Имам Ағзам хазреттің мазасын қашыратын. Имам Ағзам оған ештеңе деместен сабыр ететін. Бір күні түнде әлгі жігіттің дауысын естімеген соң, көршісінің есігін қағады.



153

25.05.2017. Жасаған күнәмізге өкініп, тәубе еткен кезде қандай жайттарға баса мән берген жөн?

Күнәға бой алдырғанда одан арылудың бірден-бір жолы тәуба болғандықтан, мұндай жағдайда төмендегі мынандай мәселелерді қаперімізде ұстасақ, көңіліміз орнына түсіп, жанымыз тыныш табады.



167

25.05.2017. Неге иман кейде артып, кейде әлсірейді?

Амалды иманның бір бөлігі деп есептеген Харижиттер, Муғтазила, Зәйдия мәзхабтарымен бірге кейбір ғалымдардың көзқарастары бойынша иман сан жағынан да, сапа жағынан да артады, кемиді. Иманның артуы жақсы амал істеумен жүзеге асса, кемуі жаман амал істеумен болады деп сенеді.



322

25.05.2017. Ораза кімдерге парыз?

Ораза мұсылмандарға парыз. Сондықтан жаңа мұсылман болған жандарға өткен жылдардағы ораза секілді ғибадаттарына қаза керек емес. Олардың бейне бір жаңа туған сәбидей барлық күнәсі кешіріледі: Құранда Алла Тағала: (Мұхаммед) «Күпірлік еткендерге егер олар жамандықтан тыйылса, өткен күнәлары кешіріледі. Ал егер олар қайталаса, сонда өткендегілердің де үкімі орындалады» де».



159

25.05.2017. Тарауих намазы

Тарауих намазы жиырма рәкәғат. Әр екі рәкәғаттан соң сәлем бергенімен, әр төрт рәкәғаттан соң бір сәт демалғаны үшін бұл төрт рәкәғатты «таруиха» деп атайды. Бір тарауих намазында бес таруиха бар. «Таруих» - дем алу деген мағынаны білдіреді. Көпше түрі – тарауих.



342

23.05.2017. Парақорлықты тыюға не жетпейді?

Қазіргі таңда адамзат материалдық жағынан емес, рухани жағынан жүдеп кеткен сияқты. Бүкіл жиһанды үйдегі теледидар мен компьютерге сыйғызған адам баласы, жұдырықтай жүрегіне барлық адамзатты сүю, жақсы көру сезімін сыйғыза алмады. 



123

23.05.2017. Қарапайым өмірде жіберіп алатын 10 қателік

"Бақыттың" нақты не екендігін әлі нақты еш ғылым аша алмағанымен, "бақытты болудың" миллиардтаған тәсілі бар. Бірақ бір сәттік бақыт пен өмірдің мәнін шатастырып алмағаныңыз жөн.



171

23.05.2017. Күллі мүміндердің анасы– аса құрметті Сауда бинт Зам’а

Сауда бинт Зам’а (р.а.) Алланың Елшісінің (с.ғ.с.) екінші әйелі болған... Хадиша қайтыс болғаннан кейін бірінші әйелі... Сауда өз дінін сақтау үшін Эфиопияға қоныс аударған мұсылмандардың қатарынан еді... Мухаджирлердің бірінің егде жастағы жесірі, өте мейірімді, ақ көңіл, құдайдан қорқатын әйелге Алланың Елшісінің (с.ғ.с.) әйелі болу бақыты бұйырған... 



196

23.05.2017. Шүкіршілік етсең...

Шүкір – жаратылыстың сыры, шүкір – дүниенің мәйегі, шүкір – адамдықтың рәмізі, шүкір ету – пенденің ең үлкен міндеті. Шүкір – жақсылық иесіне жақсылығы үшін қарыздар екеніңді сезіну, оның алдында бас иіп, алғыс-рақметіңді білдіру.



166

23.05.2017. Оразаның қандай түрлері бар?

Бұл ең жақсы ораза. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ең сауапты ораза – Дәуідтің (а.с.) ұстаған оразасы. Дәуід бір күн ораза ұстап, бір күн ұстамайтын». Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) «Мен одан да көп ұстай аламын», – деген кезде Алла Елшісі: «Бұдан жақсысы жоқ», – деп жауап қайтарды.



186

Бүгінгі хадис



ҚАСИЕТТІ УАҚЫТТАР



.
/pic/news mesquite/0lhd.jpg
 

Намаз уақыты




( 27 мамыр, 2017 жыл )

Таң 3:58
Күннің шығуы 5:37
Бесін 13:15
Екінті 18:29
Ақшам 20:46
Құптан 22:26
   
Қазір: Таң
Жергілікті уақыт 10:27
Бесінге дейін 2:48

Намаз кестесін жүктеу

Бір айға     Бір жылға

ФОТОГАЛЕРЕЯ


 

 ../pic/img/maulit1.jpg

 

meshit_gl.jpg

 

kurban_gl.jpg

 

final_gl.jpg

 

 


 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

ДІНИ ФИЛЬМДЕР


                                                                                                                           
Умар Бин Аль-Хаттаб
Умар Бин Аль-Хаттаб 
 
 Халид ибн Валид
                                                                                        Халид ибн Валид 

БAҒДАРЛАМАЛАР


 

 

 /pic/news mesquite/cvQAo.jpg

Азан бағдарламасы - күніне  бес рет намаз уақыттарында арнайы  ойнатқыш арқылы дыбысталатын бағдарлама. Сіз өзіңіз орналасқан қаланы таңдасаңыз, бұл бағдарлама автоматты түрде намаз уақытын білдіріп, азан дыбысталады..

 

/pic/news mesquite/G8D4Y.jpg

 

Намаз оқу адамның ішкі (ниет) және сыртқы (дәрет) тазалығын талап етеді. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат..

 

ӨМІРДІҢ ҮЗІК СЫРЛАРЫ