Бүгінгі аят



БІР САУАЛ



Қоғам қайраткерлерін еске алып, бір минут үнсіздік сақтау шариғатқа қайшы ма?
Сұрақ:

Қоғам қайраткерлерін еске алып, бір минут үнсіздік сақтау шариғатқа қайшы ма? 

Жауап:

بسم الله الرحمن الرحيم الحمد لله رب العالمين و الصلاة و السلام على سيدنا محمد وعلى آله وأصحابه أجمعين ” أما بعد“ Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын. Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән.

Адамзаттың асылы пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай! Ислам діні адам баласын тірі күнінде де қайтыс болғаннан кейін де құрметтеуге шақырады. Ол жайында Алла Тағала: «Расында Біз адам балаларын қадірлі еттік. Оларды құрлықта және теңізде көліктерге мінгіздік және оларға адал ырыздықтар бердік.

Оларды Өзіміз жаратқан көп нәрседен абзал еттік»[1], - дейді Мұсылман кісінің бойынан табылуы тиіс жақсы қасиеттің бірі – өзіне жасаған игілігі үшін алғыс айта білуі. Ол жөнінде хадисте: «Адамдарға алғыс айта алмаған адам Аллаға шүкір ете алмайды»[2], – делінген. 

Сондай-ақ кісінің өзге адамдардың дәрежесіне, пайымдау деңгейіне түсіп, олармен сол деңгейде қарым-қатынас жасауы, ел арасындағы абыройлы тұлғаларға құрмет көрсетуі де мұсылманшылықтың талабы. Ғалымдар мен ел арасында беделі бар жандарға сый көрсетуге шариғат рұқсат еткен. Кейбір ғалымдар мұндай іске «мустахаб» деген үкім берген. Имам Бухари мен имам Муслимнің Сахих жинақтарында Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ансарларға Сағыд ибн Муаз келген сәт орындарынан тұрып, құрмет көрсетулері туралы айтылған.

Осы хадиске түсініктеме берген имам әл-Бәйһәқи: «Ансарлардың Сағыд пен Талхаға сый-құрмет ретінде орындарынан тұрып, құрмет көрсеткендері секілді іске - дінде рұқсат берілген. Құрмет көрсетілген жан, өзін соған қашанда лайық сезінбеуі керек. Құрмет көрсетілмеген жағдайда ренішін білдіруіне немесе шағымдануына болмайды»,[3] – дейді.

Имам Нәуәуи осы хадисті түсіндіріп:  «Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мырзаларыңызға немесе ардақтыларыңызға орындарыңыздан тұрып, құрмет көрсетіңіздер», – деген сөзінен игі адамдар келген сәт адамдардың құрмет ретінде орындарынан тұруының жақсы іс екенін білеміз. Көптеген ғалымдар мұны мұстахаб амал санаған. Мұны құптайтын хадистер көп. Ал ашық тыйым салған еш хабар келген жоқ.

Мұндай хадистер мен ол жайында айтқан ғалымдардың сөздерін жинақтадым және осы жайында (яғни адамдардың бір кісіге құрметпен орындарынан тұру ісіне) тыйым салынған деп ойлаған ғалымдар сөзіне жауап қайтардым»,[4] – дейді. Алайда бұл пікірлер тірі адамдарға құрмет көрсетуге қатысты айтылған. Ал тірі кезінде халқына ардақты болған кісінің дүниеден өткеннен кейін оған құрмет ретінде орыннан тұру да рұқсат екеніне дәлел келген. Бірде Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасынан мәйіт көтерген адамдар өтті.

Сол кезде Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) орнынан тұрды. Сонда бір сахаба: «Олар бір яһудидің мәйітін алып бара жатыр», – деді. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ол адам емес пе?»[5] – деді. Ибн Хажар «Фатхул Бәри» кітабында: «Пайғамбардың: «Ол адам емес пе?» – деген жауабы әрбір адамның мәйітіне құрмет көрсетуді білдіреді», – дейді. Үкім: Ғалым кісіге, немесе шейіттер рухына немесе еліне пайдасы мол игі адамдарының рухына құрмет ретінде тұрып, бір сәт үнсіздік сақтау шариғатқа қарсы іс емес және ол бидғат саналмайды.


 

[1] «Исра» сүресі, 70-аят.

[2] Имам Тирмизи, имам Ахмад риуаят еткен

[3] Фатхул Бәриден алынды. 11/52

[4] Имам Муслимнің «Сахихына» жазған түсіндірмесі, 12/93

[5] Имам Бухари мен имам Муслимнің сахихтарында келтірілді.  

fatua.kz

ДҰҒАЛАР


 

Dua.jpg 
.
«Дұға» –араб тілінен енген сөз. Ол тілдік жағынан – сұрау, шақыру, қалау, жәрдем өтіну деген мағыналарды береді. Ал терминдік жағынан  Алла тағаланың құдіретінің, ұлылығының алдында құлдың өз әлсіздігін  сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауы дегенді білдіреді.

 

Діни оқу орындары


    
duhovnoe_obrazovanie.jpg

 

Қазіргі таңда Қазақстанда

2300-ге жуық мешіт бар.

Бұл мешіттердің көпшілігінде ислами базалық негізде білім беретін сауат ашу курстары жұмыс істейді.

Сонымен қатар,

діни білім беретін медреселер мен

«Нұр-Мүбарак» университеті, Имамдардың білімін жетілдіру курсы жұмыс істейді.

 

НАМАЗ


 

namaz.jpg
.

Намаз - Исламның екінші бағаны.

Намаз оқу мұсылмандардың Аллаһқа сенуі және сәжде етуі.

Бұл бөлімде Сіз намазды қалай оқу керектігі жайлы толық

мәлімет ала аласыз!

ЗЕКЕТ ҚОРЫ



Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.ғ.с): «Мал-мүліктеріңді зекетпен қорғандар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» (2), - деген  хадисі  көп нәрсені аңғартса керек.

 

 

 

Зекет_лого.jpg

Жеті керемет



 

zheti_kere.jpg

Жердің жүзін мекендеген  халықтардың  көбісі  ерте  кезден-ақ жеті  санында  сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын  да ұлттар бар. Біздің  
ата-бабаларымыз да жеті  санын қастерлеп, бірқатар  таным-түсініктер мен 
жүйелерді жеті санымен   атайды. Бұл бөлімнен әлемнің  әр елінде  кездесетін  7 керемет туралы  мәлімет  ала  аласыз... 

ҚҰРАН ОҚУ КУРСЫ



                                        

kursi006.jpg
 

Тараз қаласы орталық мешітінің жанынан Исламның базалық негіздері бойынша курстар  ашылды. Сабақтар қолайлы графикпен аптасына бірнеше рет жүргізіледі.

 

kursi007.jpg

 

                  Өткізілетін пәндер:

 

Араб әліппесі

Тажуид

Құран

Ақида

Ғибадат

Фиқх

 

 

Қанатты сөз – қазына



Бүгінгі аят

Алла Тағала Құран Кәрімде: "Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар; Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар," ("Инширах" сүресі 5-6 аяттар) – дейді. 

Құран Кәрімде Аллаһ Тағала: «(Мұхаммедке /с.ғ.с./) Бiз сенi бүкiл әлемге рахмет етiп қана жiбердiк» («Әнбия» сүресi, 107-аят) – деген.

 

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де кәрілікке жетсе: «Туһ» деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле. Ол екеуіне кішірейіп мархамет құшағын жай да: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мархеметіңе бөлей көр!», - де.» - деп бұйырды. («Ісра» сүресі, 23-24 аяттар.)

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Аллаһқа құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және ата-анаға, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық қылыңдар…» - деп бұйырды. («Ниса» сүресі, 36 аят.)

Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Сөз жоқ, мұсылман ерлер және мұсылман әйелдер, мүмин ерлер және мүмин әйелдер, бой ұсынушы ерлер және бой ұсынушы әйелдер, шыншыл ерлер және шыншыл әйелдер, сабырлы ерлер және сабырлы әйелдер, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдер, ораза ұстаушы ерлер және ораза ұстаушы әйелдер, ұятты жерлерін қорғаушы ерлер және ұятты жерлерін қорғаушы әйелдер, Аллаһты көп зікір етуші ерлер және әйелдер; Аллаһ бұлар үшін жарылқау және ірі сыйлық әзірледі.» - деп бұйырды. («Ахзап» сүресі, 35 аят.)

Аллаһ Тағала айтты: «Әрине сендерді қауіп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мухаммад, сондай жағдайларда) сабыр етушілірді қуандыр!» («Бақара» сүресі, 155 аят.)

Аллаһ Тағала айтты: «Әй мүміндер! Аллаға шынайы тәубе қылыңдар. Раббыларың жамандықтарыңды жойып, астарынан өзендер ағатын жұмақтарға кіргізуі үміт етіледі. Алла, ол күні, Пайғамбарды, онымен бірге иман келтіргендерді кейітпейді; олардың нұрлары алдарында, оң жақтарында жүреді. Олар: “Раббымыз! Нұрымызды толықтыр, бізді жарылқа. Сөзсіз Сенің әр нәрсеге толық күшің жетеді” дейді(«Тахрим» сүресі, 8 аят.)

Аллаһ Тағала айтты: «(Мухаммад,) оларға: Көңілдеріңде бір нәрсені жасырсаңдар Аллаһ оны біледі. Әрі Аллаһтың барлық нәрсеге толық күші жетуші - де» («Аль-Имран» сүресі, 29 аят)

Қасиетті Құранда Аллаһ Тағала: «Расында Аллаһтың қасында көктер мен жерді жаратқалы Аллаһтың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардан төртеуі (зуль-Қа’да, зуль-Хижжә, Мухаррам, Ражәб) харам айлар. Міне осы берік дін. Онда бұл айларда өздеріңе зұлымдық жасамаңдар ...» («Тәубә» сүресі, 36-аят), – деп әмір еткен.

Аллаһ Тағала адам баласын үміттенуге шақырып, қасиетті Құран Кәрімде:

وَلَا تُفْسِدُوا فِي الْأَرْضِ بَعْدَ إِصْلَاحِهَا وَادْعُوهُ خَوْفًا وَطَمَعًا إِنَّ رَحْمَةَ اللَّهِ قَرِيبٌ مِنَ الْمُحْسِنِينَ

«Қоғам түзелгеннен кейін жер бетінде бүлік шығармаңдар. Үрей мен үміт арасында Аллаһқа жалбарыныңдар! Шын мәнінде, Аллаһ Тағаланың рақымы жақсыларға жақын» (Ағраф, 56)-деп бұйырды.

Аллаһ Тағала қасиетті Құран Кәрімде: Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. Ал және кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді. (Зилзал сүресі 7-8)

Аллаһ Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Раббың үшін (айт намазын) оқы, құрбандық шал», (Кәусар сүресі 2-аят.) - деп бұйырылған.

Бүгінгі хадис



ҚАСИЕТТІ УАҚЫТТАР



.
/pic/news mesquite/0lhd.jpg
 

Намаз уақыты




( 24 сәуір, 2017 жыл )

Таң 4:51
Күннің шығуы 6:15
Бесін 13:16
Екінті 18:08
Ақшам 20:11
Құптан 21:35
   
Қазір: Таң
Жергілікті уақыт 9:30
Бесінге дейін 3:46

Намаз кестесін жүктеу

Бір айға     Бір жылға

ФОТОГАЛЕРЕЯ


 

 ../pic/img/maulit1.jpg

 

meshit_gl.jpg

 

kurban_gl.jpg

 

final_gl.jpg

 

 


 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

ДІНИ ФИЛЬМДЕР


                                                                                                                           
Умар Бин Аль-Хаттаб
Умар Бин Аль-Хаттаб 
 
 Халид ибн Валид
                                                                                        Халид ибн Валид 

БAҒДАРЛАМАЛАР


 

 

 /pic/news mesquite/cvQAo.jpg

Азан бағдарламасы - күніне  бес рет намаз уақыттарында арнайы  ойнатқыш арқылы дыбысталатын бағдарлама. Сіз өзіңіз орналасқан қаланы таңдасаңыз, бұл бағдарлама автоматты түрде намаз уақытын білдіріп, азан дыбысталады..

 

/pic/news mesquite/G8D4Y.jpg

 

Намаз оқу адамның ішкі (ниет) және сыртқы (дәрет) тазалығын талап етеді. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат..

 

ӨМІРДІҢ ҮЗІК СЫРЛАРЫ