Бүгінгі аят



БІР САУАЛ



Көкпар тартудың үкімі қандай?
Сұрақ:

Көкпар тартудың үкімі қандай?

Жауап:

 Көкпар тарту – атамыз қазақта ертеден бері келе жатқан ат үстіндегі жарыстардың бір түрі. Қазақ халқы елін қорғайтын сарбазға лайық жігіттерді осы көкпар тарту арқылы жігерлендірген, сондықтан қазақтың ғұламаларынан бұл ойынға рұқсат бергені аңғарылады.

Жарыстан жеңгендерге Пайғамбарымыз секілді сый-сияпаттар беріп ынталандырған, бірақ қазақ халқы еш уақытта мейлі осы көкпар жарысында, мейлі ат жарысында болсын ақша, мал тігіп ойнауға рұқсат бермеген. Додаға түсіп жеңгенге, оза шапқанға шапан жауып, бәйге берген, ал сырттай ақша тігіп, жеңгені тігілген ақшаны алуға Ислам дінінде рұқсат жоқ. Бұл тікелей құмар ойын болып саналып, бұған Құранда тыйым салынған.

Сонымен қатар аттарға да зорлық-зомбылық көрсетпеуі керек. Пайғамбарымыздың тыйым салғаны бойынша, көкпар ойынында да көкпаршылар бір-біріне қиыншылық тудыр- мауы және әділ болуы шарт.

ДҰҒАЛАР


 

Dua.jpg 
.
«Дұға» –араб тілінен енген сөз. Ол тілдік жағынан – сұрау, шақыру, қалау, жәрдем өтіну деген мағыналарды береді. Ал терминдік жағынан  Алла тағаланың құдіретінің, ұлылығының алдында құлдың өз әлсіздігін  сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауы дегенді білдіреді.

 

Діни оқу орындары


    
duhovnoe_obrazovanie.jpg

 

Қазіргі таңда Қазақстанда

2300-ге жуық мешіт бар.

Бұл мешіттердің көпшілігінде ислами базалық негізде білім беретін сауат ашу курстары жұмыс істейді.

Сонымен қатар,

діни білім беретін медреселер мен

«Нұр-Мүбарак» университеті, Имамдардың білімін жетілдіру курсы жұмыс істейді.

 

НАМАЗ


 

namaz.jpg
.

Намаз - Исламның екінші бағаны.

Намаз оқу мұсылмандардың Аллаһқа сенуі және сәжде етуі.

Бұл бөлімде Сіз намазды қалай оқу керектігі жайлы толық

мәлімет ала аласыз!

ЗЕКЕТ ҚОРЫ



Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.ғ.с): «Мал-мүліктеріңді зекетпен қорғандар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» (2), - деген  хадисі  көп нәрсені аңғартса керек.

 

 

 

Зекет_лого.jpg

Жеті керемет



 

zheti_kere.jpg

Жердің жүзін мекендеген  халықтардың  көбісі  ерте  кезден-ақ жеті  санында  сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын  да ұлттар бар. Біздің  
ата-бабаларымыз да жеті  санын қастерлеп, бірқатар  таным-түсініктер мен 
жүйелерді жеті санымен   атайды. Бұл бөлімнен әлемнің  әр елінде  кездесетін  7 керемет туралы  мәлімет  ала  аласыз... 

ҚҰРАН ОҚУ КУРСЫ



                                        

kursi006.jpg
 

Тараз қаласы орталық мешітінің жанынан Исламның базалық негіздері бойынша курстар  ашылды. Сабақтар қолайлы графикпен аптасына бірнеше рет жүргізіледі.

 

kursi007.jpg

 

                  Өткізілетін пәндер:

 

Араб әліппесі

Тажуид

Құран

Ақида

Ғибадат

Фиқх

 

 

Қанатты сөз – қазына



Бүгінгі хадис

«Бір адам ілім үйренсе, онымен амал етпесе де мың рәкат намаз оқудан артық сауап алады. Егер үйренген ілімімен амал етсе немесе басқаларға үйретсе, әрі осы сауапты алады, әрі қияметке дейін онымен амал еткендердің сауабын алады.» (Хатиб)

Хадис – қудсиде Аллаһ тағала былай дейдi: «Ей, Мұхаммед! Сен болмағанда мына әлемдi (аспан мен жердi) жаратпаған болар едiм».

Абу Хурайра (оған Аллаһтың ризашылығы болсын) былай деді: «Бірде Аллаһтың елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір кісі келді де: «Иә Аллаһтың елшісі, адамдардың ішінде жақсы қарым-қатынас жасауыма ең лайықтысы кім?», – деп сұрады. Ол: «Сенің анаң», – деді. Ол адам: «Одан кейін ше?», - деп сұрады. Ол: «Сенің анаң», – деді. Ол адам: «Одан кейін ше?», - деп сұрады. Ол: «Сенің анаң», – деді. Ол адам: «Одан кейін ше?», - деп сұрады. Сонда ғана ол: «Сенің әкең», – деді. (Аль-Бухари, Муслим.)

Абдуллаһ бин Омар (оған Аллаһтың ризашылығы болсын) жеткізген хадис шәріпінде, Аллаһтың елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ Тағаланың алдында жолдастардың ішіндегі ең жақсысы, жолдасымен жақсы қарым-қатынаста болғаны жатады, ал Аллаһ Тағаланың алдында көршілердің ішіндегі ең жақсысы, көршісімен жақсы қарым-қатынаста болғаны жатады.» - деп өсиет етті. (Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис» деп келтіреді.)

Ибн Масъудтың (оған Аллаһтың ризашылығы болсын) жеткізген хадис шәріпінде, Аллаһтың елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, шыншылдық тақуалыққа апарады, ал тақуалық Жәннәтқа апарады. Адам тек қана шындықты сөйлеп, соңында Аллаһ алдында шыншыл деп жазылады. Шындығында өтірікшілік күнәһарлыққа апарады, ал күнәһарлық тозаққа апарады. Адам өтірік сөйлеген сайын, соңында Аллаһ алдында суайт өтірікші деп жазылады.» - деп өсиет етті. (Аль-Бухари, Муслим.)

Абу Малик аль-Хариса бин Асима аль-Ашъари (оған Аллаһтың ризашылығы болсын), ол Аллаһтың елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізді: «Тазалық – діннің жартысы, «Әль-хамду ли-Ллаһи», - деген сөз Таразыны толтырады, «Субхана-Ллаһи уал-хамду ли-Ллаһи», - деген сөз көк пен жердің арасын толтырады, намаз – нұр, садақа – дәлел, сабыр – жарқырау, ал Құран – сен үшін жақтаушы не қаралаушы дәлел. Барлық адамдар таңертең үйлерінен жандарын жақсылыққа, не қапасқа сату үшін шығады.» (Муслим.)

Ибн Аббас және Анас бин Малик (олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын), олар Аллаһтың елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын естіген: «Егер адам іші алтынға толы бір сайды тапса, онда ол сондай сайдың екеуін тілер еді. Адам баласының ішін, топырақтан басқа еш нәрсе толтыра (қандыра) алмайды, ал Аллаһ Тағала тәубеге келушілердің тәубесін қабыл алады.» (Аль-Бухари, Муслим)

Омар бин аль Хаттаб (оған АллаҺтың ризашылығы болсын), ол Аллаһтың елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізді: «Шын мәнінде, әр амалдың ниетімен байланысы бар, шындығында адамға бұйыратыны, (сол амалдан) тек қана қалаған ниеті. Егер адамның көші Аллаһ және Аллаһтың елшісі үшін болса, онда ол Аллаһқа және Аллаһтың елшісіне көшеді, ал оның қалағаны дүние рахаты не болмаса бір әйелге үйлену мақсатында болса, онда сол көштің мақсатына көшеді.»(аль-Бухари, Муслим)

Әбу һурайра (оған Аллаһтың разылығы болсын) жеткізген хадис шәріпте Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Рамазан оразасынан кейін оразаның абзалы – Аллаһ Тағаланың Мухаррам айының оразасы. Парыз намазынан кейін ең абзал намаз—түнгі (тәһәжжуд) намаз» (Имам Муслим және Имам Тирмизи), – деп өсиет еткен.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қанағатсыздық жайлы хадис құдсиде:

قَالَ اللَّهُ تَعَالَى إِنَّا أَنْزَلْنَا الْمَالَ لإِقَامِ الصَّلاةِ وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ وَلَوْ كَانَ لابْنِ آدَمَ وَادٍ أَحَبَّ أَنْ يَكُونَ لَهُ ثَانٍ , وَلَوْ كَانَ لَهُ ثَانٍ أَحَبَّ أَنْ يَكُونَ لَهُ ثَالِثٌ وَلا يَمْلأُ فَمَ ابْنِ آدَمَ إِلا التُّرَابُ وَيَتُوبُ اللَّهُ عَلَى مَنْ تَابَ

«Алла тағала айтты: Шын мәнінде Біз мал-мүлікті намаз оқу және зекет беру үшін түсірдік. Егер адам баласының бір сай алтыны болса, әлбетте екі сай алтыны болғанын қалар еді. Ал, екі сай алтыны болса, әлбетте екеуіне қоса үшіншісін қалайды. Адам баласының ішін тек топырақ қана толтыра алады. Алла тағала тәубе еткенді кешіреді»,-деген. (Ахмед және Байһақи риуаяты)

Мүміндердің әмірі Әбу Хафс `Умар ибн әл-Хаттаб (оған Аллаһ разы болсын) былай деді: “Мен Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқанын естідім: «Расында, амалдар ниетке байланысты және әрбір адам өзінің ниеттенгенін ғана алады. Кімнің һижрасы Аллаһқа және Оның елшісіне болса, онда Аллаһқа және елшісіне болғаны. Ал кімнің һижрасы дүние үшін немесе әйелге үйлену үшін болса, онда оның һижрасы жасағысы келген нәрсесіне болады»” (Бухари 1, Муслим 1907).

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Құрбан шалыңдар! Өйткені ол Ибраһим бабаларыңның сүннеті", - деген.

Бүгінгі хадис



ҚАСИЕТТІ УАҚЫТТАР



.
/pic/news mesquite/0lhd.jpg
 

Намаз уақыты




( 20 қазан, 2017 жыл )

Таң 6:16
Күннің шығуы 7:31
Бесін 13:02
Екінті 16:43
Ақшам 18:27
Құптан 19:42
   
Қазір: Құптан
Жергілікті уақыт 20:17
Таңға дейін 10:00

Намаз кестесін жүктеу

Бір айға     Бір жылға

ФОТОГАЛЕРЕЯ


 

 ../pic/img/maulit1.jpg

 

meshit_gl.jpg

 

kurban_gl.jpg

 

final_gl.jpg

 

 


 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

ДІНИ ФИЛЬМДЕР


                                                                                                                           
Умар Бин Аль-Хаттаб
Умар Бин Аль-Хаттаб 
 
 Халид ибн Валид
                                                                                        Халид ибн Валид 

БAҒДАРЛАМАЛАР


 

 

 /pic/news mesquite/cvQAo.jpg

Азан бағдарламасы - күніне  бес рет намаз уақыттарында арнайы  ойнатқыш арқылы дыбысталатын бағдарлама. Сіз өзіңіз орналасқан қаланы таңдасаңыз, бұл бағдарлама автоматты түрде намаз уақытын білдіріп, азан дыбысталады..

 

/pic/news mesquite/G8D4Y.jpg

 

Намаз оқу адамның ішкі (ниет) және сыртқы (дәрет) тазалығын талап етеді. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат..

 

ӨМІРДІҢ ҮЗІК СЫРЛАРЫ