Бүгінгі аят



БІР САУАЛ



Спираль қоюдың үкімі қандай?
Сұрақ:

Спираль қоюдың үкімі қандай?

Жауап:

Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын.


Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы пайғамбарымыз Мұхаммедке оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай! Жалпы шариғатымызда ұрпақсыздыққа бастайтын, жүктілікті біржолата болдырмау тәсілін қолдануға тыйым салынады. Оған имам Бұхари мен имам Мүслім риуаятындағы Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) тарттыруға тыйым салғаны дәлел[1]. 

Ендеше жүктілікті біржолата болдырмауға немесе шаһуатты түп-тамырымен құртуға бастайтын кез келген тәсілге харам деген үкім беріледі. Тіпті кедейліктен қорқып немесе жүктілікті әдейі қаламау да осы үкім аясына кіреді. Сахабалар жүктіліктің алдын алу мақсатында әдіс (азл) қолданған кезде Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) рұқсат еткен. Шариғат бойынша әйелдің келісімімен жүктілікті болдырмау мақсатында спираль қоюға немесе мүшеқап қолдануға рұқсат етіледі.  Қажеттілік жағдай туындаса әрі медицина мамандары жүктілік әйелдің өміріне қауіп төндіреді немесе ағзасының бір бөлігіне зиян келтіреді, мүгедек болуы мүмкін деп қорытындыласа ғана жүктілікті болдырмау тәсіліне рұқсат беріледі. Дүниежүзілік мұсылман лигасына қарасты «Ислами фиқһ академиясының» №9 шешімінде былай  жазылған: «Біржолата ұрпаққа шектеу қоюға болмайды.

Кедейліктен қорқып, жүктіліктен тыйылуға да жол берілмейді. Өйткені ырыздық беруші бір Алла Тағала. Жер бетіндегі барша жаратылыс атаулының ырыздығын Алла береді. Сонымен қатар бұл тәсіл шариғатта есепке алынбайтын себептермен болса да рұқсат жоқ. Ал егер жүктілікті тоқтатуға немесе кешіктіруге қандай да бір зиян келтіру себеп болса, мысалы, әйел табиғи босана алмай, баланы кесіп алуға баратындай дәрежеде болса, онда шариғи тұрғыдан спираль қоюдың оқасы жоқ. Сондай-ақ, қандай да бір шариғи себептермен немесе сенімді білікті дәрігер нұсқауымен денсаулыққа байланысты жүктілікті кешіктіруді талап етсе, ол іске рұқсат етіледі...»
Үкім: - Жүктілікті біржолата болдырмайтын тәсілді қолдану харам; - Медицина мамандары денсаулықты түзетіп алғанша жүктілікті кешіктіруді нұсқаса уақытша спираль қоюға рұқсат;

- Жүктіліктің алдын алу мақсатында қолданылатын тәсілдер әйелдің рұқсатымен ғана жасалуы тиіс. Әйел перзент сүюді қаласа, жүктіліктің алдын алу тәсілін қолдануға болмайды.  


[1] Бұхари, «Неке» кітабы, «Үйленбеу мен піштірудің мәкруһтігі» бабы, №5075. Мүслім, «неке» кітабы, «уақытша неке»

ДҰҒАЛАР


 

Dua.jpg 
.
«Дұға» –араб тілінен енген сөз. Ол тілдік жағынан – сұрау, шақыру, қалау, жәрдем өтіну деген мағыналарды береді. Ал терминдік жағынан  Алла тағаланың құдіретінің, ұлылығының алдында құлдың өз әлсіздігін  сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауы дегенді білдіреді.

 

Діни оқу орындары


    
duhovnoe_obrazovanie.jpg

 

Қазіргі таңда Қазақстанда

2300-ге жуық мешіт бар.

Бұл мешіттердің көпшілігінде ислами базалық негізде білім беретін сауат ашу курстары жұмыс істейді.

Сонымен қатар,

діни білім беретін медреселер мен

«Нұр-Мүбарак» университеті, Имамдардың білімін жетілдіру курсы жұмыс істейді.

 

НАМАЗ


 

namaz.jpg
.

Намаз - Исламның екінші бағаны.

Намаз оқу мұсылмандардың Аллаһқа сенуі және сәжде етуі.

Бұл бөлімде Сіз намазды қалай оқу керектігі жайлы толық

мәлімет ала аласыз!

ЗЕКЕТ ҚОРЫ



Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.ғ.с): «Мал-мүліктеріңді зекетпен қорғандар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» (2), - деген  хадисі  көп нәрсені аңғартса керек.

 

 

 

Зекет_лого.jpg

Жеті керемет



 

zheti_kere.jpg

Жердің жүзін мекендеген  халықтардың  көбісі  ерте  кезден-ақ жеті  санында  сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын  да ұлттар бар. Біздің  
ата-бабаларымыз да жеті  санын қастерлеп, бірқатар  таным-түсініктер мен 
жүйелерді жеті санымен   атайды. Бұл бөлімнен әлемнің  әр елінде  кездесетін  7 керемет туралы  мәлімет  ала  аласыз... 

ҚҰРАН ОҚУ КУРСЫ



                                        

kursi006.jpg
 

Тараз қаласы орталық мешітінің жанынан Исламның базалық негіздері бойынша курстар  ашылды. Сабақтар қолайлы графикпен аптасына бірнеше рет жүргізіледі.

 

kursi007.jpg

 

                  Өткізілетін пәндер:

 

Араб әліппесі

Тажуид

Құран

Ақида

Ғибадат

Фиқх

 

 

Қанатты сөз – қазына



Мұхаррам айы






Мәуліт


Мәулітті атап өтудің діни негіздері

«Мәуліт» араб тіліндегі «уәләдә» түбірінен туындаған сөз. Мағынасы «туылған жер, туылған уақыт, туған күн» дегенді білдіреді. Мұсылман мәдениетінде мәуліт сөзі Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) туған күні үшін қолданылған. Ал ислам тарихшыларының басым көпшілігі пайғамбарымыздың (с.а.с.) туылған күнінің 571 жыл Рабиул-әууәл айының дүйсенбі күніне (571 жыл сәуір айына) сәйкес келгенін айтады. Соңғы жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен елімізде мәулітті, яғни пайғамбарымыздың (с.а.с.) туылған күнін атап өту қолға алынып, игі шаралар ұйымдастырылып жатқаны баршаға мәлім. Дегенмен, қазақ бауырларымыздың арасында осы шараларға қарсылық білдіріп, «Мәулітті тойлау – бидғат» деушілер де бар. Ендеше мәулітті атап өтудің діни үкімі не? Бұл іс-шара қандай негіздерге сүйенеді? Баяндамамызда осы мәселелерді саралауға тырысамыз.



Мәуліт тарихы

Имам Ахмад риуаятындағы хадис – шарифте:
“Көпшілік мұсылмандар жақсы деп санаған iс, Алла тағала алдында да жақсы”,– делiнген. Демек, мұсылмандар бiр iстi жақсы деп санаса, ол iс Алланың құзырында да жақсы іс боп табылмақ.
Үстіміздегі ай Рабиүл әууәл айы. Рабиүл әууәл айы «Мәуліт айы» деп те аталатыны баршаңызға белгілі. Бұл айға есендікте жеткізген Жаратқан Аллаға шүкірлеріміз болсын. Баршаңызға мәуліт айы құтты болсын. Шаңырақтарыңызға жақсылық жақын болсын, бірлік пен берекелеріңіз болсын.
Бүгінгі күні Мәулітті мәселеге айналдырғысы келетіндер табылады. Сондықтан, мұсылмандардың ішінде кейбірі мәулітке қарсы, дегенмен көпшілік әсіресе, үлкендеріміз: «Ата-бабаларымыз мәуліт оқытқан, оқысақ не бопты?»– дейді. Сауап болса, сауап күнә емес қой деп қарайды. Бұл толық жауап болмағанмен, өте орынды айтылған деп санаймын. Осыған қоса, аздап мәуліттің пайда болған кезеңіне ғылыми тұрғыда ізденіс жасап көрелік.



Ережеп айы


Мүбәрәк миғраж кеші

Әр жылы әлем мұсылмандары қасиетті Рағайып түнін қарсы алады. Бұл түн - мұсылмандар үшін ең қасиетті түндердің бірі. Осы айдың алғашқы жұма күні Пайғамбарымыздың ата-анасы отау құрып, Алланың елшісі анасының жатырына түскен күн. Бұл түн сондықтан «Рағайып түні» деп аталады.
13 маусымда басталған мұсылман қауымының қастер тұтатын мерекесі - Ережеп айының алғашқы жұма түні Рағайып түні (Ләйләту Рағайып) болып табылады. «Рағайыптың» сөздік мағынасы «рағибә» сөзінің көптік мағынасын береді. Ал рағибә «жауһар, құнды, бағалы, ихсан» мағыналарына келеді. Осыған байланысты «Ләйләту Рағайып» тіркесін «Жақсылық пен игілікке толы және аса құнды, ерекше бағалауды қажет ететін түн» деп түсінеміз. Ислам ғұламаларының айтуына қарағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл түнді адамның жан сарайына шуақ берер амалдар жасап, нұрлы сырларға қанығып, Ұлы Жаратушыға мадақ келтіріп, шүкіршілік жасап, дұға мен кешірім тілеп, намаз оқыған.




Шағбан айы



Рамазан айы


Қасиетке толы Қадір түні

Қасиетті Рамазан берекелі ай. Бұл кезде Алла тағала мұсылман үмметін көптеген құт-береке нығметтерге бөлейді. Ал Жаратқан ие нығметтерінің санына жету мүмкін де емес. Олардың кейбіріне адамзат ақылы жетпейді де! Соның бірі - "лайлатүл Қадір" түні. Ол Алла тарапынан Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар үмметіне сыйланған құт түндердің бірі.
"Лайлатүл Қадір"- сөздік жағынан алғанда, "қадірі ұлық", "әр сәті қымбат", "қасиетті" түн деген мағыналарды береді. Әрі бұл сөз өз болмысымен тағдыр түні мағынасына да келеді. Өйткені әр жылы осы түн ішінде адамзаттың және басқа да тіршілік иелерінің бір жылдық ризық-несібелері, дүниеге байланысты дәрежелері және туылатындары мен қайтыс болатындары анықталады. Бұл жайында: "Құранды Біз анығында, мүбәрак түнде түсірдік". "Сол түнде хикметті істің барлығы ("Лаухүл Махфуздан" "Кәтәбә" періштелеріне) бөлінеді". Ал, "Мұның (бөлінетін істер) барлығы - Біздің құзырымыздан бір бұйрық (тағдыр)..." ("Духан" сүресі, 3-4-5 аяттар), - делінген.



Tарауих намазының қасиеттері

Айлардың сұлтаны болып саналатын қасиетті Рамазанның адамзатқа рухани, әлеуметтік және медициналық жағынан пайдасы зор. Бұл айда күндіз ораза тұтқаннан кейін, кешкісін құптан намазынан соң, 20 рәкат тарауих намазы оқылады. Тарауих сөзі «дем алу, демалыс» дегенді білдіреді. Оны барлық мұсылмандар топ-топ болып, жамағатпен оқиды.
Тарауих намаздың үкімі
Қасиетті Рамазан айында құптан намазының 4 ракағат парызы және 2 ракағат сүннетінен кейін, ер және әйел кісілер үшін жиырма ракағат тарауих намазын оқу - сүннет муәккәдә. Яғни, бекітілген сүннет амал. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) тарауих намазының сүннет болу мәселесіне қатысты: «Хақ тағала сендерге оразаны парыз, тарауих намазын сүннет етті. Шын иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады», - деген.


Қасиетті Рамазан

Шынайы ықылас
Рамазан - тамаша тәрбие мектебі. Аллаһқа шынайы құл бола алмағандар уақыт өте келе құлға құл болып кетуі де ғажап емес. Мұның соңы адами қасиеттен айырылуға алып барады. Мұхаммед Иқбал Аллаһтан алыстап, құлдарға құл болудың бейшаралығын былайша жеткізген: «Мен иттің екінші иттің алдында бас игенін көрмедім».
Рамазан айының қадір-қасиетін ұғынып, оны бағалай білу - тәуһидке терең бойлап ақиқатты тану деген сөз. Сондықтан, қасиетті айда рухымызды оятып, сауапты істерімізді көбейтіп, Жаратушыға жақындай түсу қажет. Бұл үшін барлық ғибадаттарымыз мен құлшылықтарымыздың шынайылығына көңіл бөлген жөн. Жүректі тазартып, пейіл мен ниетті дұрыстау өте маңызды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл жөнінде:
«Қаншама жандар ораза ұстап, түнімен тарауих пен таһажжуд намаздарын оқиды. Алайда, (олардың ниетіне байланысты) аш қалу мен шөлдеу және ұйқысыз түндерден басқа олардың үлесіне ештеңе тимейді», - деген.

 


Құрбан айт

Құрбанның Шексіз Хикметі

АДАМЗАТТЫҢ ҮШ СЫНАҒЫ
Ибраһим пайғамбардың (а.с.) көңіліне ыстық, жүрегіне қымбат үш нәрсесі бар еді: малы, жаны және баласы. Аллаһ Тағала оны осы үшеуімен де сынап көрді.
Хазіреті Ибраһим Аллаһтың зікірі үшін малын түгел қиды. Сосын Нәмрудпен белдесіп, отқа тасталған кезінде Аллаһтың тағдырына ризашылық білдіріп жанын да қиды. Сосын Аллаһтың әмірімен баласын құрбандыққа шалу керек болған кезде кідірмей оған да мойынсұнды.
Осылайша ол Аллаһпен дос болу мәртебесіне қол жеткізді. Халилуллаһ деген атына лайық болды.
Ибраһим пайғамбардың (а.с.) сүрінбей өтуімен нәтижеленген бұл сынақтар негізінде бүкіл адамзаттың басынан кешіп жатқан сынақ.
Жанымызға ыстық малымызды Аллаһ жолында жұмсай білу, бізге аманат етіп берілген жанымызды ажал келмей тұрғанда Жаратушы Иесіне толығымен бет бұрғызу және бала-шағамыздың бізді Аллаһтан алыстатуына жол бермеу жолындағы сындар – нәпсімізді және шайтанды жеңіп, мәңгілік азаттыққа қол жеткізуіміз үшін Аллаһтың бізге берген сыйлары. Құрбан құлшылығының астарлы терең мағыналары Жаратушы Иеміздің бізден жай ғана құрбандық қаламайтынын білдіруде және бізге кәміл адам болу жолының белгілерін көрсетуде.



Құрбандық танымы және оның Ислам дініндегі орны

Құрбан (араб тілінде) – «жақындау, Аллаһқа жақындауға себеб болған нәрсе» деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – «Ғибадат ниетімен белгілі шарттары бар малды бауыздау» деген. Құрбан айт күндерінде (алғашқы үш күнінде) Аллаһ Тағаланың ризашылығын алу ниетімен шалынатын құрбанға «удһийе» делінеді. 

Құрбан шалудың пайдалары

а) Аллаһ Тағаланың әмірлерін қалтқысыз орындау пендені Жаратушының ризашылығына бөлеп, ақыретте сый-сыяпатқа кеңелтеді. Құрбан шалу да – Аллаһ Тағаланың арнайы бұйрығы. Сол себепті бұл бұйрықты шын ықыласпен атқарушы Раббысының ризашылығын алып, ақыретте жүзі жарқын болады, мол сауап иеленеді. Пайғамбарымыз хадисінде бұл ақиқатты былай деп түсіндіреді:
«Адам баласы құрбан айт күні (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Аллаһ Тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Аллаһ Тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар»[1].


Құрбан шалу - тақуалыққа сын

Мінеки, мұсылман жұртшылығы жыл сайын асыға күтетін Құрбан айт күндеріне де таяп отырмыз. Бұл күндерде Алла разылығы үшін мал шалынып, арнайы ас дастарханы жайылып, Құрбан шалушының өзі де, өзгелер де мәре-сәре қуанышқа кенеледі. Бұл күндердің ұлықтығы сол - мұнда адам баласы өз Жаратушы Иесіне жақындай түсуге тамаша мүмкіндік алады. «Құрбан» сөзінің араб тілінде «жақын болу», «жақындау» мағынасында келуі де осыны аңғартпай ма? Олай болса, құрбандық шалуды мал сою, қан шығарудан бұрын тап осы Аллаға жақындау тұрғысынан түсінген абзал.
Шариғат ілімі бойынша Құрбан шалу - Ибраһим пайғамбардан қалған үрдіс. Бұл ғибадат арқылы Алланың ықыласты құлдары өз серттеріне мықтылығы мен берілген нығметтерге шүкіршілігін танытады. Қасиетті Құран Кәрімде: «Аллаға қүрбанның еттері, қандары, әсте жетпейді. Бірақ сендердің тақуалықтарың жетеді. («Хаж» сүресі, 37)» делінген.


Құрбан айт намазы, құрбандық шалу және қажылық үкімдері

ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫНЫҢ УАҚЫТЫ 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі, ҚМДБ ғұламалар кеңесі және ҚР Алматы қалалық обсерватория орталығының зерттеу нәтижесі бойынша хижраша 1430 жылдың зул-хиджа айының 10-жұлдызы (Құрбан айт), милади бойынша 2009 жылдың қараша айының 27-жұлдызына сәйкес келетіндігін анықтады.

Бұған қатысты Түркия, Ресей ғалымдарының да жауабы бізбен бірдей шықты. Сондықтан, 2009 жылдың 27 қарашасы (хижраша 1430, 10-зул-хиджа) - құрбан айттың бірінші күні.
Ал құрбан айт намазы 27 қараша күні Алматы уақыты бойынша күн найза бойы көтерілгенде, яғни таңғы сағат 8 сағат 30 минутта оқылады. Бұған дәлел Жундуб (р.а.) риуаят еткен мына хадис: «Біз Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге ораза айт намазын күн екі найза бойындай болғанда оқыдық, ал құрбан айт намазын күн бір найза бойы көтерілгенде оқыдық».


Өзгеде мубәрак уақыттар



Наурыз мерекесі мұсылмандыққа қайшы ма?

Көптеген қоғамтанушылар М.Хантингтонның «Өркениет-тер қақтығысы» теориясына бір жақты айтылған деп қарсы шыққанмен, мәдениеттерді бір-бірімен мүйіздестірмеудің нақты шешімін әлі таппай келеді. Құндылықтар туралы анық-тамалар әртүрлі болғандықтан, әр мәдениеттің өкілдері бір-біріне шекеден қарауды үдетпесе, кеміткен емес. Бүгінгі күні дүниетанымдық өзгешеліктердің бір ұлтты шілдің боғындай шашыратып, біртұтастығынан біржолата айырып жіберетіндігі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомаға айналды. Үшінші мыңжылдықта әртүрлі мәдени экспанцияға ұшыраған Қазақ ұлтының басына осындай бөлшектену қаупі үйіріліп отыр. Тым тереңге кетпей-ақ, осы күн-дері өтіп жатқан ұлтымыздың ұлы мерекесі – Наурыз жөнінде айтылып жүрген түрлі пікірлерді талдасақ, осыған нақты көз жеткізе аламыз.


ЖҰМА КҮНІ МЕН ЖҰМА НАМАЗЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ҚАСИЕТТЕРІ

Күндердiң ең ұлығы – жұма. «Жұма» сөзі жинау, бас қосу деген мағыналарды береді. Мұсылмандар бұл күнді қуанышпен қарсы алып, мешіттер-де жиналады, үгіт-насихат, уағыз тыңдап, жұма намазын оқиды.
Аллаһ тағала жексенбіні Исаның (ғ.с.) қауымына, сенбіні Мұсаның (ғ.с.) қауымына, ал жұманы Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) үмметiне мей-рам күні етiп бердi.
Адамзат тарихындағы ұлық, әрі маңызды оқиғалар жұма күндері болған. Бұл жайлы Әбу Һұрайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
خَيْرُ يَوْمٍ طَلَعَتْ عَلَيْهِ الشَّمْسُ يَوْمُ الْجُمْعَةِ فِيْهِ خُلِقَ آدَمُ وَ فِيْهِ أُدْخِلَ الْجَنَّةَ وَ فِيْهِ أُخْرِجَ مِنْهَا وَ لا تَقُومُ السَّاعَةُ إلاَّ فِي يَوْمِ الْجُمْعَةِ
«Жұма – күн шуағы шашыл-ған күндердiң ең жақсысы. Адам (ғ.с.) жұма күнi жаратылған, жұма күнi пейiшке кiрген, жұма күнi пейіштен шығарылған. Қиямет күні де жұма күнi болмақ»,– деп хабар береді (Муслим жеткізген).


Бүгінгі хадис



ҚАСИЕТТІ УАҚЫТТАР



.
/pic/news mesquite/0lhd.jpg
 

Намаз уақыты




( 27 шілде, 2017 жыл )

Таң 4:22
Күннің шығуы 5:56
Бесін 13:24
Екінті 18:32
Ақшам 20:45
Құптан 22:19
   
Қазір: Таң
Жергілікті уақыт 6:51
Бесінге дейін 6:33

Намаз кестесін жүктеу

Бір айға     Бір жылға

ФОТОГАЛЕРЕЯ


 

 ../pic/img/maulit1.jpg

 

meshit_gl.jpg

 

kurban_gl.jpg

 

final_gl.jpg

 

 


 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

ДІНИ ФИЛЬМДЕР


                                                                                                                           
Умар Бин Аль-Хаттаб
Умар Бин Аль-Хаттаб 
 
 Халид ибн Валид
                                                                                        Халид ибн Валид 

БAҒДАРЛАМАЛАР


 

 

 /pic/news mesquite/cvQAo.jpg

Азан бағдарламасы - күніне  бес рет намаз уақыттарында арнайы  ойнатқыш арқылы дыбысталатын бағдарлама. Сіз өзіңіз орналасқан қаланы таңдасаңыз, бұл бағдарлама автоматты түрде намаз уақытын білдіріп, азан дыбысталады..

 

/pic/news mesquite/G8D4Y.jpg

 

Намаз оқу адамның ішкі (ниет) және сыртқы (дәрет) тазалығын талап етеді. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат..

 

ӨМІРДІҢ ҮЗІК СЫРЛАРЫ