Бүгінгі аят



БІР САУАЛ



Көкпар тартудың үкімі қандай?
Сұрақ:

Көкпар тартудың үкімі қандай?

Жауап:

 Көкпар тарту – атамыз қазақта ертеден бері келе жатқан ат үстіндегі жарыстардың бір түрі. Қазақ халқы елін қорғайтын сарбазға лайық жігіттерді осы көкпар тарту арқылы жігерлендірген, сондықтан қазақтың ғұламаларынан бұл ойынға рұқсат бергені аңғарылады.

Жарыстан жеңгендерге Пайғамбарымыз секілді сый-сияпаттар беріп ынталандырған, бірақ қазақ халқы еш уақытта мейлі осы көкпар жарысында, мейлі ат жарысында болсын ақша, мал тігіп ойнауға рұқсат бермеген. Додаға түсіп жеңгенге, оза шапқанға шапан жауып, бәйге берген, ал сырттай ақша тігіп, жеңгені тігілген ақшаны алуға Ислам дінінде рұқсат жоқ. Бұл тікелей құмар ойын болып саналып, бұған Құранда тыйым салынған.

Сонымен қатар аттарға да зорлық-зомбылық көрсетпеуі керек. Пайғамбарымыздың тыйым салғаны бойынша, көкпар ойынында да көкпаршылар бір-біріне қиыншылық тудыр- мауы және әділ болуы шарт.

ДҰҒАЛАР


 

Dua.jpg 
.
«Дұға» –араб тілінен енген сөз. Ол тілдік жағынан – сұрау, шақыру, қалау, жәрдем өтіну деген мағыналарды береді. Ал терминдік жағынан  Алла тағаланың құдіретінің, ұлылығының алдында құлдың өз әлсіздігін  сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауы дегенді білдіреді.

 

Діни оқу орындары


    
duhovnoe_obrazovanie.jpg

 

Қазіргі таңда Қазақстанда

2300-ге жуық мешіт бар.

Бұл мешіттердің көпшілігінде ислами базалық негізде білім беретін сауат ашу курстары жұмыс істейді.

Сонымен қатар,

діни білім беретін медреселер мен

«Нұр-Мүбарак» университеті, Имамдардың білімін жетілдіру курсы жұмыс істейді.

 

НАМАЗ


 

namaz.jpg
.

Намаз - Исламның екінші бағаны.

Намаз оқу мұсылмандардың Аллаһқа сенуі және сәжде етуі.

Бұл бөлімде Сіз намазды қалай оқу керектігі жайлы толық

мәлімет ала аласыз!

ЗЕКЕТ ҚОРЫ



Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.ғ.с): «Мал-мүліктеріңді зекетпен қорғандар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» (2), - деген  хадисі  көп нәрсені аңғартса керек.

 

 

 

Зекет_лого.jpg

Жеті керемет



 

zheti_kere.jpg

Жердің жүзін мекендеген  халықтардың  көбісі  ерте  кезден-ақ жеті  санында  сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын  да ұлттар бар. Біздің  
ата-бабаларымыз да жеті  санын қастерлеп, бірқатар  таным-түсініктер мен 
жүйелерді жеті санымен   атайды. Бұл бөлімнен әлемнің  әр елінде  кездесетін  7 керемет туралы  мәлімет  ала  аласыз... 

ҚҰРАН ОҚУ КУРСЫ



                                        

kursi006.jpg
 

Тараз қаласы орталық мешітінің жанынан Исламның базалық негіздері бойынша курстар  ашылды. Сабақтар қолайлы графикпен аптасына бірнеше рет жүргізіледі.

 

kursi007.jpg

 

                  Өткізілетін пәндер:

 

Араб әліппесі

Тажуид

Құран

Ақида

Ғибадат

Фиқх

 

 

Қанатты сөз – қазына



ӨМІРДІҢ ҮЗІК СЫРЛАРЫ

Сиэтл

Осыдан бірнеше жыл бұрын Сиэтл қаласында өткен олимпиадада тоғыз мүгедек спортшы жүгіруден жарысатын болады.

-Старт! деңілген сәтте жарыс басталды. Әр спортшы шамасы келгенше ынта танытып, жеңіске жетуге тырысты. Бір кезде мүгедек кішкентай бала аунап құлап, жылап қалады. Қалған сегіз спортшы жылағаның естіп дереу тоқтайды да, артқа, бала жатқан жерге жөнеледі. Мүгедек қыз баланың қасына жете салып,құшақтап бетінен сүйіп жуатуға тырысады. Қалған мүгедектер қыз бен баланы қоршап алып, финиш сызығына дейін барлығы бірге қайта жүгірді.

Стадионда жиналған адамдар орындарынан тұрып, қол соғады. Неге? Өйткені, өмірде ең маңыздысы - жеке басыңның жеңіске жетуі емес, ЕҢ маңыздысы - басқалардың жеңіске жетуіне көмектесу, ол үшін кейде тоқтап бағытты өзгерту керек болса да...
Ананың разылығы

Баязит Бистами «Ғылымда бұндай биік дәрежеге қалай жеттің?» деп сұрағандарға:
- Анамның дұғасымен, - деп, басынан өткен мына оқиғаны айтушы еді.
«Бір күні анам қатты ауырды. Мен қасынан бір елі ажырамадым. Түнде анамның аяқ жағында отырған едім. Әлден уақытта: «Ботам, су берші?» - деді. Тұра жүгірдім, бірақ үйде су бітіп қалған екен, екі өкпемді қолыма алып ауыл сыртындағы бұлаққа бардым. Суды
алып келсем, анамның көзі ілініп кетіпті. Қолыма мұздай суды ұстап, шешемнің оянуын күтіп отырдым. Таң ата анам оянды, мен суды ұсына қойдым. Анам басында ештеңеге түсінбей тұрды да, есіне түскеннен кейін көзіне жас алып былай деді: «Я, Жаратқан, мен ұлыма разымын, сен де разы бола гөр!»

Баязит Бистами сөзін ары қарай жалғап:
- Егер Аллаһтың алдында аз да болса қадірім болса, ол анамның сол дұғасынан деп білемін, - дейтін.
Ерекше көзқарас

Атақты аргентиналық гольфшы, Роберт Винчензо, кезекті жүлделі орын алады. Үйге қайтар жолда да клубына кіріп, заттарын жинап автотұрақ жаққа бет бұрады. Сол сәтте алдынан бір әйел шыға келеді. Робертті алған медалімен құттықтап, кішкентай баласы барын, ол баланың қатты ауырып, ауруханаға жатқызайын десе, ақшасының жоқтығын, сол себептен де кішкентай сәбидің күн өткен сайын өлімге жақындағаның көру қаншалықты қиын екенің айтады. Әйелдің айтқандарынан Роберт қатты елжіреді да, дереу чек дәптерін шығарып, турнирден ұтып алған соманың жартысын жазып береді. Чекті әйелдің қолына ұстатады да -балаң тезірек жазылып, оған жақсы өмір қамтамасыз ету үшін жаратарсың дейді.
Бір апта өтіп, Роберт клубта түстеніп отырған кезде, гольф клубының бір мүшесі қасына келіп -автотұрақтағы жігіттер өткенде турнирден шыққаныңызды көріп бір әйелдің келіп сөйлескенің айтты дейді.
-Иә, рас солай болды дейді Роберт
-оның несі бар?.
-Жо, ештеңе емес қой, жәй бір нәрсе айтайын - жаңағы әйел аферист, алаяқ екен. Сіз сияқты бай адамдарды әдейі күтіп алып ауру сәби жайлы айтып ақша жасайтын көрінеді.
Робер таң қалып:
-яғни, өлейін деп тұрған сәбі жоқ па сонда? деп сұрайды. -Жоқ, ол әйелдің ойдан шығарғаны.
Роберт: -Осы айтқаның соңғы апта естіген ең жақсы хабар болды! деп рахметін айтады.

 

Біз білмеппіз, білгенде...
Зұлқарнайын алейһиссалам әскерлерімен жолда келе жатып "аяқтарыңа ілінген нәрселерді жинай жүріңдер" деп әмір береді.
Әскерлері бұл әмірді естіген кезде іштерінен бір бөлігі "Көп жүрдік қатты шаршадық. Түн ішіндеміз, оған қоса аяғымызға ілінген нәрселерді жинап босқа қиналамыз ба, ешнәрсе жинамаймыз" деген шешімге келіп, ешнәрсе жинамайды.
Екінші бөлігі "Қолбасшымыз бұйырған екен, әміріне бағынайық аз ғана болса да жинайық. Өйткені Қолбасшыға қашанда мойынсұну керек" деп аз ғана жинайды.
Үшінші топ болса "Қолбасшымыз ешнәрсені босқа әмір етпейді. Міндетті түрде бір нәрсені біліп айтқан болу керек, әмірін орындаймыз" деп бүкіл қаптарын бетіне дейін толтырады.


Таң атқан кезде бүкіл армия түнде алтын қойнауынан өткендерін түсінеді. Аяқтарына тиген нәрселердің алтын екенін ешкім аңғармаған болады. Сонда әмірді тыңдамай еш нәрсе алмаған бірінші топ:
- Қап неге алмадық! Қолбасшымыздың сөзін неге тыңдамадық. Ең болмағанда біреуін ағанымызда ғой... деп өкініп қалады.


Екінші топ болса өз-өздерін сөге бастайды:
- Қап біраз тағы алуымыз керек еді. Қалталарымызды қаптарымызды аузына дейін толтырып алуымыз керек еді...
Үшінші топ та өкініп:


- Керексіз, пайдасыз заттарымызды тастағанда бұдан да көп етіп жинайтын едік...
Міне осы мысалдағы секілді Ахыретте де бүкіл адамдар өкінеді. Кәпір болған адам:
- Неге иман етпедім. Сенгенімде ең болмаса жаһаннамға түссем де иманымның арқасында соңында бәрібір Жаннатқа кірер едім. Мәңгілік тозақтан құтылар едім, дейді.
Мұсылман болғанымен сауабы аз болған кісі:


- Бұдан да көп сауапты істер жасауым керек еді. Бұдан да көп ниғметке қауышар едім, дейді.
Мұсылман болып, сауабы көп болған кісі болса:
- Қап, бұдан да үлкен дәрежелерге көтеретін көбірек ғибадат жасауым керек еді, көбірек садақа беріп, көбірек ораза тұтып, көбірек сауап жинайтын амалдар жасауым керек еді... деп өкінеді.

 

 

Әбу Бәкірдің достығы

Періште Жәбірәйіл (а.с.) бір күні былай деп тілепті:
- Уа, он сегіз мың ғаламның ұлы әміршісі Хақ тағала! Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) деген Әбу Бәкірдің (р.а.) достығы қаншалықты адал екенін, оған деген сүйіспеншілік жүрегінде қаншалықты терең орын алатынын білгім келеді...
...Мереке күні еді. Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) бағалы, қымбат, әсем киімдерін киіп, иығынына отыз алтындық шәлі ілді.
Жәбірәйіл (а.с.) соқыр кейпіне еніп, жол шетіне отыра кетті. Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) келіп, жол шетіндегі пақырға жақындады. Бұны көрген Жәбірәйіл (а.с.) бірден: - Пайғамбар Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) достығы үшін маған садақа тастаған адамның Аллаһ тағала бар күнәсін кешірсін!- деп естірте дауыстай бастады.
Әбу Бәкір (р.а.) ол сөзді естіген-ді. Ойланбастан иығындағы қымбат шәліні сусыта ысырған күйі «қайыршыға» ұстатты да:- Қане, тағы бір рет қайталашы?- деді. Қайыршы тағы бір рет қайталады. Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) сырт киімін шешіп берді. Әр қайталаған сайын үстіндегі бір-бір киімін шешіп беріп отырды. Бесінші рет қайталағанда Әбу Бәкірде (р.а.) әлгіндегі бағалы киімдерінің ешбірі қалмады.
Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) Біләлді (р.а.) шақыртып:- Ей, Біләл! Айшаның үйіне барып маған бір киім әкел,- деді.
Біләл (р.а.) кетіп бара жатып жолшыбай Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жолығып қалады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
- Әй, Біләл! Қайда бара жатқаныңды, не себепті бара жатқаныңды мен айтайын ба, әлде өзің айтасың ба?- деді.
Біләл (р.а.) әдеп сақтап: - Сіз айтыңыз,- деді.
Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған былай деді: - Жол шетінде отырған соқыр, ол - Жәбірәйіл (а.с.) періште. Әбу Бәкірдің (р.а.) маған деген зор сүйіспеншілігі мен арамыздағы қыл өтпес достықтың қаншалықты адал екендігіне көз жеткізу үшін Аллаһ тағаланың әмірімен осындай бейнеде келген.
Бұл кезде Әбу Бәкір (р.а.) Біләлді (р.а.) күтіп тұрды. Біләл (р.а.) Айшаның (р.а.) үйінен киім әкелді. Әбу Бәкір (р.а.) әкелген киімдерді киді.
Періште Жәбірәйіл (а.с.) Расулаллаһтың (с.ғ.с.) алдына келіп:
- Уа, Мұхаммед! Жай ғана Әбу Бәкір Сыддықты (р.а.) бір сынамақшы болғаным болмаса, бұл киімдердің маған қажеті жоқ еді,- деп, бағана Әбу Бәкір (р.а.) берген қымбат киімдердің бәрін қолына ұстатты.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Жәбірәйіл (а.с.) періште тастап кеткен киімдерді Әбу Бәкірдің (р.а.) өзіне әкелді.
Әбу Бәкір (р.а.) болса:- Сіздің жолыңызға арнап менің қолымнан шыққан заттың маған қайта қажеті жоқ. Кімге көңіліңіз соқса, соған берерсіз,- деген болатын ...
Иә, Пайғамбарды (с.ғ.с.) өзінен де қатты жақсы көрмейінше ешкімнің де иманы толық болмайтындығы шындық.

 

Не жасалса да  - жақсылыққа


Қыстың суық бір күнінде бір ауылдың балықшылары балық аулауға шығады. Кешке қарай қатты дауыл соғып, күн күркірейді.  Теңізге шыққан балықшылар жол таппай ауылға қайта алмай қалады. Түні бойы жақындары, жұбайлары мен балалары уайым ішінде ұйықтай алмайды. Олар қолдарынан ештеңе келмегендіктен Аллаһқа қол жайып, балықшылардың аман-есен оралуын тілейді. Түннің ортасында жағадағы үйлердің бірі жанып кетеді. Өртке қарсы күресе алмай жарты сағат ішінде үй толығымен жанып күл болады. Балықшылар жанған үйдің жарығына қарай  аяңдап, жағаны тауып, аман-есен үйлеріне оралады. Ауылдастардың бәрі келген балықшыларды  қуанышпен қарсы алса, араларында бір кісі көңілсіз болып қала береді.  Бұл кісі өрттен үйі жанып, зардап шеккен балықшының әйелі болатын: «Құдайым-ау, енді қайттік! Үйіміз ішіндегі заттарымен бірге жанып күл болды» - дегенде, күйеуі: «Өртті бергенге сансыз шүкірлер болсын! Өртенген үйіміздің жарығының арқасында барлық қайықтарымыз жолды тауып аман оралды», - дейді.  

 

Одан өткен ақылды жоқ.


Бір ғалымнан:
- Адамның қандай екеніндігін қалай білуге болады? - деп сұрайды.
- Сөйлеген сөзінен.
- Ал егер үндемесе ше?
- Одан өткен ақылды адам жоқ, -деп жауап берген екен.

 

Сені бағалағанды  сен де бағала


Әйгілі пианист Артур Рубинштейн өзінің концерттік кешін бітіріп, сахнадан  шыққан сәтте,  кішкентай бір қыз қолына дәптерін алып қолжазба  алмақшы болады.  Артур қолым қатты талып тұр деп бас тартқандай ыңғай білдіреді.  Сонда әлгі қыз ренжіген сыңай танытып: «Қолыңыздың талып кеткенін білемін. Бірақ, менің де қолым мәз емес», - дейді. 
- Не үшін?
- Сіздің өнеріңізге тәнті болып, үнемі қол соғып отырдым.

Мұндағы ғибратты бір ауыз сөзбен айтқанда: «Сені бағалағанды сен де бағала».

Шынайы сенім


Атақты ғалым Әбу Бәкір  Баррак Құран Кәрім үйрену үшін, баласын медресеге жіберетін. Бір күні баласы медреседен  қорқыныштан сұп-сұр болып оралады. Мұны көрген хазіреті Әбу Бәкір Баррак: «Балам, не болды саған, түрің өзгеріп кетіпті ғой?» , - деп сұрады. Баласы: «Әкетайым бүгін медреседе  Құран Кәрімдегі: «Егер қарсыласа берсеңдер, жас балалардың шашын ағартатын күннен қалай сақтанасыңдар?» (Музәммил, 17) аятын оқыдық. Мұны ойлаған сайын төбе шашым тік тұрады», - деп жауап қайтарды.
Сол күннен бастап баласы төсек тартып жатып қалады. Сөйтіп, арадан көп уақыт өтпей, баласы дүние салады.  Хазіреті Әбу Бәкір Баррак баласының қабірін жиі зиярат етіп, қабірді құшақтап тұрып: «Мен сонша уақыттан бері Құран Кәрім оқып келе жатырмын. Бірақ, о дүниедегі қорқынышты жағдайды балам сияқты ойланып, әсерленген емеспін. Ертең (қияметте) жағдайым қандай болмақ? Нендей өкініш!» - деп қайғырады екен.

Құм мен тас.


Екі дос шөл дадала жолаушылап келе жатады. Бір кезде сөзден сөз шығып, екеуі тартысып қалады. Біреуі ашуға қатты булығып, екіншісін қойып қалады. Досының ұрғаны жанына қатты батады, бірақ ләм-мим демей құмға былай деп жазып қояды: «Бүгін мені жан досым ұрды!».
Екеуі көкорай шалғын жерге келгенше тоқтамай жүріп отырады. Суды сол жерден ішерміз деп келісіп алады.  Бір кезде досынан таяқ жеген адам батпаққа аяғы кіріп,  шыға алмай қиналады. Тіпті тұншығуға айналып, демі тарыла бастағанда, досы құтқарып қалады. Батпақтан құтылғаннан кейін,  тастың үстіне ойып тұрып: «Бүгін мені жан досым, өлім аузынан құтқарып қалды» деп жазады.
Оның бұл жазуына таңырқаған жолдасы: «Ұрған кезімде құмға жаздың, ал енді не үшін тасқа жазып отырсың?», - деп сұрайды. Сонда досы: «Біреу бізге жамандық жасаса, оны құмға жазғанымыз дұрыс, кешірім самалы оны өшіріп кетсін. Ал, біреу жақсылық жасаса, оны тасқа ойып жазайық, оны ешқандай жел өшіре алмасын!...», - деп жауап қатады.
Достарыңызды көбейтіп, достығымыздың баянды болуын қаласақ, қайғыларымызды құмға, қуаныштарымызды тасқа жазуды үйренейік. 

 

Шын мұқтаждардың жағдайы не болмақ?

Нәбік деген бір кедейдің тұлпары болады. Бір бай осы атыңды маған сат деп қанша дүние, мал ұсынса да Нәбіктің атты сатпайтынын айтады.  Атты ақшаға сатып ала алмасын білген бай айлаға көшеді. Айласы Нәбік жолаушылап келе жатқанда, оның жолына қайыршы киімін киіп алып отырады. Оның қасына жеткенде, Нәбік «қайыршыдан» жөн сұрайды. «Қайыршы» мына қырдың астындағы ауылға жете алмай отырғанын айтады. Ойында ештеңе жоқ кедей маған мінгесіңіз, апарып тастайын дегенде, бай «шырағым аттан түсіп мені мінгізіп жібермесең, міне алмаймын» - дейді. Нәбік аттан түсе салып, байды атқа көтермелеп мінгізгенде, арам бай атқа қамшыны басады ғой келіп. Істің анығын енді ғана аңдаған Нәбік: «Байеке,  тоқтаңыз айтатұғын бір сөзім бар» - депті. Бай бұл пақыр не дер екен деп, атын іркіп: «Ал, бейбақ, не дейсің айт айтарыңды» - депті. Айтарым: «Осы жағдайды ешкімге айтпай-ақ қойыңыз. Бір өтінішім осы» - депті. Бай сонда: «Мен бұл жағдайды айтқанда түсіп қалар дейтұған беделің  жоқ, несіне айтпа деп оған ерекше қам жей қалдың, сорлы» дегенде,  Нәбік: «Мәселе онда емес, менің қорқып отырғаным бұл оқиға елге тарап кетсе, осы жаман сөздің әсерінен аты барлар жолда кездескен шын мұқтаждарды да мінгестірмей кетпей ме?  Менің ойлап отырғаным сол ғана, сол үшін де бұны ешкімге айтпағаныңызды сұрап тұрмын» депті. Кедейдің ойының қандай кең көлемді қамтып тұрғанын түсінген бай аттан түсіп, атты егесіне қайтарып берген екен.

Дұғамыз неге қабыл болмайды?


Бір ауылда дұғасы екі етілмей қабыл болатын бір адам бар екен. Дұғалары қабыл болмайтын бір топ адам әлгі адамның алдынан шығып, мұның сыры мен жай-жапсарын сұрайды. Дұғасы қабыл болатын адам бір топ адамнан: «Дәл қазір сендер танымайтын бір адам келіп қарызға ақша сұраса берер ме едіңдер?» - деп сұрайды.
Олар бір ауыздан:


- Танымайтын адамға қалай қарыз береміз?, - дейді.
- Жарайды, егер мен сұрасам берер ме едіңдер? - деп тағы сұрақтың астына алады.
- Сен сұрасаң, әрине, береміз, - дейді. Олардан не үшін беретіндіктерінің себебін сұрағанда, былай деп жауап қайырады:
- Біз сені жақсы  танимыз. Сен сөзіңде тұрасың, өтірік айтпайсың, шыншылсың. Сен әрдайым жақсылық істейсің, - дейді.
Сонда әлгі адам:
- Міне Аллаһ та дәл солай. Өзін жақсы танитын, өзіне берік сенетін, әрдайым еске алатын, құлдық міндетін қолынан келгенше дұрыс атқаратын адамдардың дұғасын қабыл етеді, - деген екен.

 

Әкеме айтып қоймаңыз.

 

Олар өте бақытты отбасы болатын. Бірақ, бір күні анасы ауру себебінен сүйікті күйеуі және енді ғана үш жасқа толған сүйкімді қызын тастап, бұл дүниемен қоштасты. Сәби күн сайын әкесінен "Мамам қашан қайтып келеді?" деп сұрайтын. Ал әкесі қызын жұбатып, "Қызым, мамаң өте алыс бір жерге жұмысқа кетті" деп құшақтап ұйықтататын.


Сөйте жүріп, қызы алты жасқа шыққан жылы, әкесі мейірбан, ақкөңіл бір әйелмен танысады. Бір күні әкесі қызына: "Қызым, мамаң қайтып келетін болды. Сен мамаңның түрін ұмытып қалған жоқсың ба?" деп сұрады. Кішкене сәби ары ойланып, бері ойланып, басын шайқайды. Әке қызын аяп кетті әрі бір жағынан сәл де болса жеңілдеп қалғандай сезінді. Ол әлі де бала ғой.


Дәл сол сәтте есік ашылып, әлгі әйел кірді де құшағын кең жайып, қыздың есімін шақырады. Сәл таңырқап, жатырқап тұрған қызына әкесі: "Қызым, мамаңды танымадың ба? Тез "мама" деп шақыра ғой" депті. Сәби ақырын адымдай басып барып, "мама" деп құшақтай алады.


Кешкі астан соң, әйел қызға ілесіп, оның бөлмесіне кіреді. Екеуі көңілді әңгімелесіп отырғанда қыз: "Сіз менің мамам емессіз" дейді кенеттен. Әйел әрі тосырқап, әрі таңырқап қалды. Сәби қыз шошып қалған әйелдің қолынан ұстап, бәсең үнмен: "Менің мамам қайтыс болған. Мен оны атам мен әжемнің әңгімелерінен біліп алғанмын. Мұны тек атам, мен және әжем үшеуміз ғана білеміз.

 

Әкем мен басқалар білмейді. Олар әлі күнге дейін мамамды тірі, алыс бір жерде жұмыс істеп жүр деп біледі". Жылап жіберуге шақ қалып тұрған әйелдің құлағына сыбырлап: "Бұл екеуміздің ортамыздағы сыр болсын. Әкеме айтып қоймаңыз. Ол білсе, сөзсіз азаптанып, жылайды" дейді жаңа тапқан "анасын" құшақтап.
Бұл сәтте есік сыртында үнсіз тыңдап тұрған әкенің көз жасы көл болған еді.

 

 

 

 

ҚАЙЫРЫМДЫ ЖҮРЕК ҚАРТАЙМАЙДЫ         

Ерте ерте ертеде... Қытай астанасы Пекинде Лулу есімді қыз тұрмысқа шығып, енесінің үйіне көшіп барады. Ол енесінің үйінде біраз күн жүргеннен кейін енесімен бір шаңырақ астында тұра алмайтынын сезеді. Өйткені екеуінің мінезі үйлеспей шығады. Келін не істеседе де енесінің көңілінен шықпайды: мынауың дұрыс емес, ананы шала істепсің деп, тырнақтың астынан кір іздеп, жақтырмай ұрыса береді.

 

Бір айдан соң енесінің ұрысына одан әрі шыдай алмай келін өзінің сиқыр шөптерімен әйгілі тәуіпке барады. Көз жасын тыя алмай өзінің мұңын шағады. Сөйтіп мұндай жолдан шығудың жолын тек қана енесін өлтірмей тынбайтындығын да жасырмайды. Тәуіп қыздың сұрауы бойынша арнайы шөп дайындайды.

 

-Осы шөпті үш ай бойы енеңнің тамағына күніге екі рет қосып тұр. Бұл у шөп аз аздан берілуі тиіс. Енеңнің өліміне сенің қатысың бар екенін ешкім білмеуі үшін осы шөп жайлы ешкімге айтпа және ешкімнің күмәнін туғызбау үшін енеңе үш ай бойы жақсы қарап, оған жақсы көретін тамағынан беріп тұруың қажет деген ақылын айтады.

 

Сол күні Лулу үйге қуанып кіреді. Ертеңіне енесіне жақсы көретін тамақтарынан күнде жасап, тамаққа аз аздан у қосып тұратын болады. Ешкім күмәнданбасын деп енесінің тілін алып, оған жақсы қарай бастайды. Енесі де келіннің өзгергенін байқап, одан әрі ұрыс үшін ешқандай себеп таппай қалады. Осылайша енесі келінді өз қызынан артық көріп, бауырына басады. Ененің осылай күрт өзгеретінін күтпеген Лулу, енесінің тамағына у қосып жүргеніне өкінеді. Оның осы әрекетінен енесі қайтыс болатынына қатты ашынады. Тәуіпке барып енесінің өлуін қаламайтынын айтып, мүмкін болса берген у шөптің әсерін жокқа шығаратын басқа шөп даярлауын сұрайды. Осыны естігенде тәуіп күлімдеп:

 

- Қызым осыдан екі ай бұрын мен берген шөп у емес, жай шөп болатын. У тамағында емес, мына басында еді. Сен енеңе жақсы сөз айтып, жақсы қарай бастағаныңда, енең де саған жақсы қарай бастады. Адамдардың сені жақсы көруін қаласаң, сен адамдарды жақсы көруің керектігін ешқашан есіңнен шығарма. Өйткені гүл берген кісінің қолында міндетті түрде гүлдің исі қалады.

 

Күнәдан арылтатын сусын...

 

           Бірде  шәкіртіммен  Басра қаласының көшесімен келе жаттым. Жолда дәрі сатып отырған жігіт жолықты. Шәкіртім одан: «Ей, дәрі сатушы, сенде пендені күнәларынан арылтатын дәрі бар ма?» деп сұрады. Сонда дәрі сатушы: «Менен кедейлік һәм кішіпейілдіктің суын ал да, оған тәубенің суын қосып, Раббыңның ризашылығы диірменіне тарт, қанағаттың сүргісімен жон, тақуалықтың қазанына қайнатып, оған ұяттың отын жақ. Дайын болғанда  шүкірлік құтысына құй, көркем мінезбен салқындатып, «Аллаға мадақ» қасығымен іш. Осыны істесең, екі дүниенің дертінен сауығып, күнәдан аман боласың» деді.

Хасан Басри

Кәпір ме, әлде мүмин бе?

 

Имам Ағзам қатысып жатқан бір жиналыста біреу: "Бір адам бар екен, жәннатты қаламайды, жәһәннамнан қорықпайды, өліктің етін жейді, рүкуғсіз, сәждесіз намаз қылады, көрмеген нәрсесіне куәлік етеді, фитнәні жақсы көреді, хақты қаламайды (тілемейді), бұл адам кәпір ма, әлде мүмин ба? " деп сұрақ қойды.

Жиналыста отырғандардың бәрі бір ауыздан: "Бұлар кәпірдің сипаттары, мұндай адам кәпірдің дәл өзі" деп айтты. Имам Ағзам үндемеді. Адамдар: "Ия Имам, сіз не дейсіз?" деп сұрады. Имам Ағзам: "Бұлар мүминнің сипаттары, мұндай адам мүминнің дәл өзі" деді. Адамдар қарсылық білдіріп: "Ия Имам, мұныңыз қалай, мүмин жәннатты қалап, жәһәннамнан қорықпайды ма?" деді.

Имам оларға барлығын да түсіндірді: "Шын (саналы) мүмин жәннатты қаламайды, Иесін - Аллаһты (көруді) қалайды, жәһәннамнан қорықпайды, Иесінен қорқады, өлі ет дегені балықтың еті, көрмеген нәрсесіне куәлік етеді, өйткені Аллаһты көрмейді, бірақ та шын сенеді, рүкуғсіз, сәждесіз қылған намазы - жаназа намазы, фитнәні жақсы көреді, өйткені одан мақсат мал мен бала-шаға (Құранда мал мен бала-шаға мүминдер үшін фитнә (яғни, етмихан) екені туралы білдірілген), хақты қаламайды (тілемейді), өйткені хақтан мақсат өлім, мүмин де болса өлімді мақсат қылмақ.

 

Дін тазалығы, мәні, қазынасы дегеніміз не?


            Бірде Хасан Басриге бір әйел келіп сұрады: "О, имам! Дін тазалығы дегеніміз не? Діннің мәні неде? Діннің қазынасы дегеніміз не?". Хасан Басри былай деді: "Осыны өзіңіз айтып көріңізші, біз тыңдап көрелік!". Сонда әйел айтты: "Діннің тазалығы дәрет алуда жатыр. Діннің мәні - Аллаһтан қорқу және Оның алдында ұялу. Ал діннің күші - намаз. Сондай-ақ, Ұлылық иесі Раббым Аллаһ ұялшақ құлын жақсы көреді. Діннің қазынасы - білім. Кім дәрет алуды елемесе, оның иманының таза болмағаны. Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ. Кім Раббым Аллаһтан қорықпаса, оның иманының мәні болмайды. Кім білім таппаса - ол діннің қазынасына жолыға алмайды". Хасан Басри әйелдің айтқандарының бәрін мақұлдады.

 

 

Онда дүние орнында тұра ма?

 

            Бір кісі біреуді өлтіріп қойып, өлтірілгеннің балалары оны мүміндердің әміршісі Омардың (р.а) алдына алып келеді де: "Бұл кісі біздің әкемізді өлтірді" - дейді. Омар одан: "Шынымен сен өлтірдің бе?" - деп сұрайды. Әлгі кісі: "Иә, екеуміз құрма бұтағының үстінде отырып, ерегісіп қалдық. Бұлардың әкесі мені балағаттап жіберді. Мен ашуыма ерік беріп қойып, оны қолымдағы балтаммен жіберіп ұрдым. Балта оның басына тиіп, ол өліп қалды. Бірақ мен оны өлтірейін деп ойлаған жоқ едім" - дейді. Омар (р.а) олардан: "Құн төлетуге келісесіңдер ме?" - деп сұрайды. Өлген кісінің балалары құн төлетуге келіспейді. Сонда Омар оны өлім жазасына кеседі. Сонда әлгі кісі: "Менің жас балаларым мен әйелімнің ешнәрсесі жоқ. Ең болмаса, оларға қолымдағы қаражатымды барып беріп келейін, рұқсат беріңіз!" - дейді. Сонда Омар (р.а): "Саған кепіл болатын адам бар ма?" - деп сұрайды. Ол: "Мен бұл жерден ешкімді танымаймын" - деп жауап береді. Омар (р.а) айналасындағы адамдардан: "Бұл кісіге кім кепіл болады?" - деп сұрайды. Сол кезде Әли (р.а): "Мен кепіл болам" - дейді. Әлгі кісі: "Үш күннің ішінде ақшамға жетпей келемін" - деп кетіп қалады. Арада үш күн де өтеді, шам уағы да келіп жетеді. Әлгі кісі көрінбейді. Сонда Омар (р.а) Әлиге (р.а): "Дайындал, Әли!" - дейді. Шариғат бойынша кепіл болған адам оның жазасын мойнына алады екен. Сол мезетте әлгі кісінің қарасы көрінеді. Ол алыстан асыға басып жетеді де: "Кешіріп қойыңыздар, жаяу адамға аралық алыс екен. Кешігіп қалдым. Міне, мен енді дайынмын" - деп, өлімге дайын екенін білдіреді. Омар (р.а): "Сенің қашып кетуіңе әбден болатын еді. Сені ешкім танымайтын еді" - дейді. Сонда әлгі кісі: "Ұят емес пе? Мен өйтсем, басқалар өйтсе, онда дүние орнында тұра ма?" - деп жауап береді. Мұны естіген өлген кісінің балалары: "Біз бұл кісіні кешірдік. Тіпті құн да сұрамаймыз" - деп кетіп қалыпты.

 

 

Неге?

 

           Имам Раббани көзге түрткісіз қараңғы түнде бір топ шәкірттерімен бірге таудың жолымен жоғары қарай көтеріліп келе жатады. Жолда күн жауып, боран болады. Шәкірттердің мазасы қашады. Бірақ ұстаздары тоқтауды бұйырмағаннан кейін, оның артынан ілгері ілби жүре береді. Бір кезде жауын толастайды. Сонда иман Рабани: "Аяқтарыңа бірдеме батты ма?" - деп сұрайды. Шәкірттер: "Батты" - деп жауап береді. «Сол батқан нәрсені алған да өкінеді, алмаған да өкінеді» - дейді имам. Қараңғыдағы бораннан қалжыраған шәкірттердің бір бөлігі: «Ақыры өкінетін болғаннан кейін оны алған не, алмаған не?" - деп, табандарына батқан тас секілді нәрсені алуға ерінеді. Ал,шәкірттің қалған бөлегі: "Аз да болса алып,не екенін ертең көрейік" - деп ойлап, қалталарына бір-екі түйір белгісіз тасты салып қояды. Ертеңіне таң атқан соң тасты алып қараса, гауһар (бриллиант) екен. Сонда алмағандар: "Неге алмадық?" - деп, алғандар: "Неге аз алдық?" - деп өкініпті. Қиямет күні болғанда намаз оқымағандар: "Неге намаз оқымадық?" - деп, ал намаз оқығандар: "Неге аз оқыдық?" - деп өкінеді екен.

 

Сүт  орнына су құйып жіберсем...

 

 Бір патша қала тұрғындарын жинап алып, алдарына өте үлкен ыдыс қойып: "Осыған әрқайсысың бір-бір кесе сүт құйыңдар!" - деп бұйырады. Сонда әркім: "Мен сүт орнына су құйып жіберсем, кім біліп жатыр?" - деп ойлаған екен. Нәтижесінде ешбір адам ыдысқа  сүт құймапты.

 

 

 

Мөңке бидің түсі


             Мөңке би түс көріп, сол түсін Сырым батырға жорытпақ болады.
Бір жолы бәйгеге 40 ат қостым, біреуі де бәйгеден келмеді. 30 ат қостым біреуі де келмеді. 5 ат қостым, төртеуі бәйгеден келмеді де, біреуі ғана қарақшыға аман жетті. Аман жеткені сол, келе сала пышаққа ілікті. Әлгі аттың ішін жарып жібергенімде, қасқыр шық-ты, қасқырды жарғанда түлкі шықты. Түлкіні жарғанда,қоян шықты. Осыны жорып берші, - дейді Мөңке би. Сырым түс жорудың жолын Мөңкенің ұзатылып кеткен қызына беруді ұйғарады. Бірақ, ол би үш рет шақыру жібергеннен кейін әрең келеді. Қыз түстің жайын білген соң Сырымға: Түсті жездеңе жорытпа, жиеніңе жорытпа, әйелге жорытпа деген сөз бар еді...  Сонда да айтайын, - дейді. - Түс адал түс, қияли түс, шайтан түс деп үшке бөлінеді. Мұны қай түске жатқызарымды білмеймін, бірақ оның шешуі мынадай: "40 ат дегеніміз - мұсылманның 40 парызы орындалмай қалатын заман болады екен; 30 аттың бәйгеден келмей қалатыны - 30 күн ораза ұстамайтын заман туады екен; 5 аттың төртеуі келмей, біреуі келгені - бес уақыт намаз қаза болып, оны біреу оқып, біреу оқымайтын кез келеді екен; қасқырдың шықканы - кісінікін тартып алып, ұрлап жейтін зорлықшыл заманның туатыны шығар; Түлкі шықканы - алдаушы мен арбаушы көбейетін, түлкідей бұлаңдаған заманның күтіп тұрғаны шығар; қоян шыққаны - ұрпақ үрейленіп өсетін, көлеңкесінен қорқып жүретін заман болар". Осыны айтып болғаннан кейін Мөңке бидің қызы: - Маған түс жорытқандарыңыз қате болды, күндердің күнінде әйел билеген заман келеді. Ол заманда әйелден ұят кетеді, еркектен намыс қашады, менің үш рет шақырғанда зорға келуімнің сыры осында еді депті.

 

 

 

 

Әбдікәрімнің шамасы

(Халық аузынан)

 

Әр бір жан иесінің өзіне ғана тән, басқа ешбір адамға ұқсамайтын ерекше тағдыры бар. Сырын ешкім аша алмайтын, тылсымы аса тереңде жатқан ғажап нәрсе. Одан адам баласы ғибраттанып қана қоймаса, тұңғиығына үңіліп ұғынам деу, ақылға ауыр тиіп миыңды талдырады.

Ертеректе Тәуекел, деген адам кедейліктің зардабын әбден тартып, жанына батқан соң Аллаға жалбарына дұға қылып, таршылықтан құтқаруын сұрайды екен. Сол қаланың тұрғыны Әбдікәрім керісінше асқан бай болыпты. Алыс-жақын елдермен жасаған саудасы өркендеп, жыл сайын дәулеті асқан үстіне аса түсіпті. Өзі тұратын қаласының мұң-мұқтажына қаражат бөліп, қажетті істен тартынбайтын, қолы ашық жомарт адам еді, деседі. Әсіресе жетім мен жесір, білім мен денсаулыққа байланысты шараларға ерекше ынта танытып, қамқорлық жасауды жаны сүйеді екен. Малым арымның, арым жанымның садағасы, ал жаным иманымның садағасы, деген сөз сол кісіден қалған екен, дейді.

***

Әбдікәрімнің ел есінде қалған бойындағы тағы бір қасиеті ерекше тақуалығы екен. Күнделікті бес уақыт намаздан соң түн ортасында тұрып, ұзақ уақыт Аллаға құлшылық етіп, намаз оқуды өмірлік әдетіне айналдырыпты. Жұма күні мешітке алғашқылардың қатарында келіп, кешірек қайтатын көрінеді. Сондай күндердің бірінде мешітте аса жұпыны киінген Тәуекелдің Аллаға жалбарына кедейліктен құтқаруын сұрап жатқан дұғасын Әбдікәрімнің құлағы шалып қалады. Бұл сөздерді естіген Әбдікәрім, пақырды қыжалатынан шығаруды ұйғарады. Мешіттің ауласында арнайы тосып алып, Тәуекелдің өзімен үйіне ілесіп жүруін өтінеді. Үйіне келген соң қонағын ерекше ілтипатпен күтіп, жақсы әңгіме айт

Бүгінгі хадис



ҚАСИЕТТІ УАҚЫТТАР



.
/pic/news mesquite/0lhd.jpg
 

Намаз уақыты




( 12 желтоқсан, 2017 жыл )

Таң 7:11
Күннің шығуы 8:34
Бесін 13:11
Екінті 16:00
Ақшам 17:42
Құптан 19:05
   
Қазір: Құптан
Жергілікті уақыт 22:13
Таңға дейін 8:59

Намаз кестесін жүктеу

Бір айға     Бір жылға

ФОТОГАЛЕРЕЯ


 

 ../pic/img/maulit1.jpg

 

meshit_gl.jpg

 

kurban_gl.jpg

 

final_gl.jpg

 

 


 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

ДІНИ ФИЛЬМДЕР


                                                                                                                           
Умар Бин Аль-Хаттаб
Умар Бин Аль-Хаттаб 
 
 Халид ибн Валид
                                                                                        Халид ибн Валид 

БAҒДАРЛАМАЛАР


 

 

 /pic/news mesquite/cvQAo.jpg

Азан бағдарламасы - күніне  бес рет намаз уақыттарында арнайы  ойнатқыш арқылы дыбысталатын бағдарлама. Сіз өзіңіз орналасқан қаланы таңдасаңыз, бұл бағдарлама автоматты түрде намаз уақытын білдіріп, азан дыбысталады..

 

/pic/news mesquite/G8D4Y.jpg

 

Намаз оқу адамның ішкі (ниет) және сыртқы (дәрет) тазалығын талап етеді. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат..

 

ӨМІРДІҢ ҮЗІК СЫРЛАРЫ