Бүгінгі аят



БІР САУАЛ



Бұрынғы намаздардың қазасын өтеу міндет пе?
Сұрақ:

Өтіп кеткен намаздардың қазасын өтеу міндет пе? Егер тиіс болса, сүннетті оқымай қазаны орындау керек пе? 

Жауап:

Біздің мәзһабта намазды уақытысында өтеу қалай парыз болса, оның қазазын өтеу де солай парыз. Екеуіне де Алла Тағаланың мына аяты дәлел: وأقيموا الصلاة وآتوا الزكاة واركعوا مع الراكعين «Намазды толық орындаң-дар, зекет беріңдер, сондай-ақ (Алланың құзырына) иілу-шілермен бірге иіліңдер»[1].

Бұл аят намазды толық орындаңдар деп тұр. Яғни өз уақытында оқу немесе уақыты өтіп кетсе қазасын өтеу керек. Пайғамбарымыз  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: من نسي صلاة فليصل إذا ذكرها, لا كفارة لها إلا ذلك «Кімде-кім намазын ұмытса, есіне түскенде оқысын. Оған содан басқа кәфарат жоқ»[2].

Егер қаза намазын ұмытқан адамға өтеу уәжіп болса (күнәсі түсуі мен қиыншылық көтерілуімен бірге), онда әдейі тастағандарға өтеуі міндетті түрде уәжіп болады. Кімнің біраз уақыттан бері қаза намазы болса, тәубе етіп, қазасын өтеуге кірісуі керек.

Күнделікті оқып жатқан әрбір парыз намазына қаза намазын қосып өтесін. Нәпілдің орнына қазаларды орындаған дұрыс. Өйткені, парыздың сауабы нәпілдің сауабынан артығырақ. Әрбір өтеп жатқан парыз намазына қаза намазын қосып өтеудің абзалдығына Пайғамбарымыздың  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мына хадисі дәлел: من أدرك منكم صلاة الغداة من غد صالحا فليقض معها مثلها «Кімде-кім сау күйінде ертеңгі намазына жетсе, онымен бірге өткен қаза намаздарын өтесін»[3].

Хитоби: «Бұл жердегі бұйрық, қазаны өтеудегі артықшылық уақытты табу үшін мұстахабқа ұқсайды», - деді. Осылайша қаза намаздарын өтеп болдым дегенше орындай береді. Егер ажалы жетіп қазасын өтей алмаса, Алла Тағала өзінің кеңшілігімен кешірім етеді. Ал енді, қаза намаздарды сүннеттердің орнына оқу жайлы келсек, Ханафи мәзһабы бойынша «Хашияту әт-Тахтауи»[4] атты кітапта сүннет емес, нәпіл намаздар жайлы айтылған.

Яғни, ол жерде: «Бекітілген сүннет, дұха, тәсбих және хабарда келген намаздардан басқа нәпілді оқығаннан, қаза намаздарын өтегені абзалырақ. Соны (яғни, бекітілген сүннет намаздарды) нәпіл ниетімен, ал одан басқасын қаза ниетімен оқиды (яғни, бекітілген сүннет, дұха, тәсбих және хабарда келген намаздардан басқа нәпіл намаздарды қаза ниетімен оқиды).

[1] «Бақара» сүресі, 43-аят.

[2] Бұхари, Мүслім.

[3] Әбу Дәуіт риуаяты.

[4] Хашияту әт-Тахтауи әлә мәроқи әл-фәләх шархи нури әл-идах, 447-бет. 

ДҰҒАЛАР


 

Dua.jpg 
.
«Дұға» –араб тілінен енген сөз. Ол тілдік жағынан – сұрау, шақыру, қалау, жәрдем өтіну деген мағыналарды береді. Ал терминдік жағынан  Алла тағаланың құдіретінің, ұлылығының алдында құлдың өз әлсіздігін  сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауы дегенді білдіреді.

 

Діни оқу орындары


    
duhovnoe_obrazovanie.jpg

 

Қазіргі таңда Қазақстанда

2300-ге жуық мешіт бар.

Бұл мешіттердің көпшілігінде ислами базалық негізде білім беретін сауат ашу курстары жұмыс істейді.

Сонымен қатар,

діни білім беретін медреселер мен

«Нұр-Мүбарак» университеті, Имамдардың білімін жетілдіру курсы жұмыс істейді.

 

НАМАЗ


 

namaz.jpg
.

Намаз - Исламның екінші бағаны.

Намаз оқу мұсылмандардың Аллаһқа сенуі және сәжде етуі.

Бұл бөлімде Сіз намазды қалай оқу керектігі жайлы толық

мәлімет ала аласыз!

ЗЕКЕТ ҚОРЫ



Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.ғ.с): «Мал-мүліктеріңді зекетпен қорғандар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» (2), - деген  хадисі  көп нәрсені аңғартса керек.

 

 

 

Зекет_лого.jpg

Жеті керемет



 

zheti_kere.jpg

Жердің жүзін мекендеген  халықтардың  көбісі  ерте  кезден-ақ жеті  санында  сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын  да ұлттар бар. Біздің  
ата-бабаларымыз да жеті  санын қастерлеп, бірқатар  таным-түсініктер мен 
жүйелерді жеті санымен   атайды. Бұл бөлімнен әлемнің  әр елінде  кездесетін  7 керемет туралы  мәлімет  ала  аласыз... 

ҚҰРАН ОҚУ КУРСЫ



                                        

kursi006.jpg
 

Тараз қаласы орталық мешітінің жанынан Исламның базалық негіздері бойынша курстар  ашылды. Сабақтар қолайлы графикпен аптасына бірнеше рет жүргізіледі.

 

kursi007.jpg

 

                  Өткізілетін пәндер:

 

Араб әліппесі

Тажуид

Құран

Ақида

Ғибадат

Фиқх

 

 

Қанатты сөз – қазына



НОВОСТИ

56

73

78

68

60

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

179

160

219

158

118

МЕШІТ - АҚПАРАТ

122

80

194

118

139

МАҚАЛАЛАР

128

167

91

98

96

149

Бүгінгі хадис



ҚАСИЕТТІ УАҚЫТТАР



.
/pic/news mesquite/0lhd.jpg
 

Намаз уақыты




( 27 мамыр, 2017 жыл )

Таң 3:06
Күннің шығуы 4:56
Бесін 13:15
Екінті 18:46
Ақшам 21:23
Құптан 23:14
   
Қазір: Құптан
Жергілікті уақыт 0:54
Таңға дейін 2:12

Намаз кестесін жүктеу

Бір айға     Бір жылға

ФОТОГАЛЕРЕЯ


 

 ../pic/img/maulit1.jpg

 

meshit_gl.jpg

 

kurban_gl.jpg

 

final_gl.jpg

 

 


 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

ДІНИ ФИЛЬМДЕР


                                                                                                                           
Умар Бин Аль-Хаттаб
Умар Бин Аль-Хаттаб 
 
 Халид ибн Валид
                                                                                        Халид ибн Валид 

БAҒДАРЛАМАЛАР


 

 

 /pic/news mesquite/cvQAo.jpg

Азан бағдарламасы - күніне  бес рет намаз уақыттарында арнайы  ойнатқыш арқылы дыбысталатын бағдарлама. Сіз өзіңіз орналасқан қаланы таңдасаңыз, бұл бағдарлама автоматты түрде намаз уақытын білдіріп, азан дыбысталады..

 

/pic/news mesquite/G8D4Y.jpg

 

Намаз оқу адамның ішкі (ниет) және сыртқы (дәрет) тазалығын талап етеді. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат..

 

ӨМІРДІҢ ҮЗІК СЫРЛАРЫ