Бүгінгі аят



БІР САУАЛ



Көкпар тартудың үкімі қандай?
Сұрақ:

Көкпар тартудың үкімі қандай?

Жауап:

 Көкпар тарту – атамыз қазақта ертеден бері келе жатқан ат үстіндегі жарыстардың бір түрі. Қазақ халқы елін қорғайтын сарбазға лайық жігіттерді осы көкпар тарту арқылы жігерлендірген, сондықтан қазақтың ғұламаларынан бұл ойынға рұқсат бергені аңғарылады.

Жарыстан жеңгендерге Пайғамбарымыз секілді сый-сияпаттар беріп ынталандырған, бірақ қазақ халқы еш уақытта мейлі осы көкпар жарысында, мейлі ат жарысында болсын ақша, мал тігіп ойнауға рұқсат бермеген. Додаға түсіп жеңгенге, оза шапқанға шапан жауып, бәйге берген, ал сырттай ақша тігіп, жеңгені тігілген ақшаны алуға Ислам дінінде рұқсат жоқ. Бұл тікелей құмар ойын болып саналып, бұған Құранда тыйым салынған.

Сонымен қатар аттарға да зорлық-зомбылық көрсетпеуі керек. Пайғамбарымыздың тыйым салғаны бойынша, көкпар ойынында да көкпаршылар бір-біріне қиыншылық тудыр- мауы және әділ болуы шарт.

ДҰҒАЛАР


 

Dua.jpg 
.
«Дұға» –араб тілінен енген сөз. Ол тілдік жағынан – сұрау, шақыру, қалау, жәрдем өтіну деген мағыналарды береді. Ал терминдік жағынан  Алла тағаланың құдіретінің, ұлылығының алдында құлдың өз әлсіздігін  сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауы дегенді білдіреді.

 

Діни оқу орындары


    
duhovnoe_obrazovanie.jpg

 

Қазіргі таңда Қазақстанда

2300-ге жуық мешіт бар.

Бұл мешіттердің көпшілігінде ислами базалық негізде білім беретін сауат ашу курстары жұмыс істейді.

Сонымен қатар,

діни білім беретін медреселер мен

«Нұр-Мүбарак» университеті, Имамдардың білімін жетілдіру курсы жұмыс істейді.

 

НАМАЗ


 

namaz.jpg
.

Намаз - Исламның екінші бағаны.

Намаз оқу мұсылмандардың Аллаһқа сенуі және сәжде етуі.

Бұл бөлімде Сіз намазды қалай оқу керектігі жайлы толық

мәлімет ала аласыз!

ЗЕКЕТ ҚОРЫ



Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.ғ.с): «Мал-мүліктеріңді зекетпен қорғандар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» (2), - деген  хадисі  көп нәрсені аңғартса керек.

 

 

 

Зекет_лого.jpg

Жеті керемет



 

zheti_kere.jpg

Жердің жүзін мекендеген  халықтардың  көбісі  ерте  кезден-ақ жеті  санында  сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын  да ұлттар бар. Біздің  
ата-бабаларымыз да жеті  санын қастерлеп, бірқатар  таным-түсініктер мен 
жүйелерді жеті санымен   атайды. Бұл бөлімнен әлемнің  әр елінде  кездесетін  7 керемет туралы  мәлімет  ала  аласыз... 

ҚҰРАН ОҚУ КУРСЫ



                                        

kursi006.jpg
 

Тараз қаласы орталық мешітінің жанынан Исламның базалық негіздері бойынша курстар  ашылды. Сабақтар қолайлы графикпен аптасына бірнеше рет жүргізіледі.

 

kursi007.jpg

 

                  Өткізілетін пәндер:

 

Араб әліппесі

Тажуид

Құран

Ақида

Ғибадат

Фиқх

 

 

Қанатты сөз – қазына



СҰХБАТ

Ерсін ӘМІРЕ: Діни сауатты адам жаза баспайды




   - Рамазан айында тұтқан оразаңыз қабыл болсын! Биылғы ораза шіліңгір шілдемен қатарлас келді. Жалпы ораза кімге парыз және ыстықта ораза тұту жамағатқа қиын болмайды ма?

-  Діни тұрғыдан әрбір ақыл-есі дұрыс, кәмелет жасына толған дені сау мұсылманға  ораза тұту міндетті болып табылады. Ыстық күнде ораза ұстауға келсек,  әлбетте, қысқы ораза мен жазғы ораза екеуі  екі бөлек. Қыста ораза тұту жеңіл. Сол үшін қыста ораза тұтушылардың саны артады. Ал жаздың ыстық күнінде сабыры мен шыдамы мықты адамдар ғана ұстайды. Дініміздегі ережеде «Іске берілетін сауап сол істің жеңіл-қиындығына байланысты» делінеді. Демек жаздағы оразаның сауабы артығырақ. Рамазан - мейірімділікке толы ай. Шын беріліп ораза ұстаған жамағатқа Алла өзі жеңілдік береді. 
- Теологиялық біліміңізді қай білім ордасында жетілдірдіңіз?

- Мен Ливан еліндегі Триполи университетінің ислам ғылымдары және шариғат факультетін тәмамдағанмын. Қазіргі таңда Мысыр елінде теология бойынша сырттай магистратурада оқимын. 
- Облысымызда 3 теолог жұмыс жасап жатқанын естідік. Бүгінгідей дін мәселесі өткір тұрған кезде жағдайды қалыпқа келтіру қаншалықты еңбекті талап етеді? 

- Республика бойынша, оның ішінде, Атырауда маман тапшы. Сол себепті мүмкіншілігіміздің шеңберінде барлық аудандарды қамтуға тырысып бағудамыз. Жастарды діни сауаттандыруға жұмыстанудамыз. Келген екі ай уақыт ішінде 200-дей кездесулер өткіздік. Өткізілген дәрістердің барлығы аудиотаспаларға жазылып, таратылатын болады. Біздің алға қойған негізгі мақсатымыз - жергілікті тұрғындар арасынан, теологтар мерзімі келіп облыстан кеткен күнде, жұмысты әрі қарай жалғастыру әлеуетіне ие діни сауаты жоғары жамағат қалыптастыру. Мәселені басқаша шешу мүмкін емес.
- Соңғы уақыттарда бейіттерді бүлдіріп, бұзып кету фактілері жиі кездесуде. Осыған кімдер барады?

- Бұл - діни сауатсыздардың әрекеті. Арнайы мамандардан, сенімді білім көздерінен білім алмағандықтан орын алады. Көбіне, сәләфилік бағыттағы уағызшылардың уағызын тыңдап, соларға ергендердің тарапынан көрініс табуда. 
- Бейіттердің жанынан өтіп бара жатқан жандар беттерін сипап дұға жасап өтеді. Осыны соңғы кездері жастар өкілдері «Аллаға серік қосу» деп айтып жүр. Кімдікі жөн?

- Негізінде бет сипау - дұға әдептерінің бірі. Қабірдің жанынан өтіп бара жатқан кезде, «қабір иелерінің күнәсі болса, Алла Тағала кешір» деп бір Алладан дұға тілеу керек. Мұсылмандар қабір иелерінен емес, қабір иелері үшін Алладан дұға тілейді. Осы екі жайтты шатастырмау керек. Біз күнделікті намаздарымызда: «Алла, саған ғана құлшылық жасаймыз, сенен ғана жәрдем тілейміз» деп Аллаға уәде береміз. Діни сауатсыздықтың салдарынан қабір иелерінен қажетін сұрап жүргендерді бас салып «Аллаға серік қосуда» деп айыптамастан, оларға дұғаның шариғатқа сай формасын үйрету керек.

- Қазір жер-жерде, жарнамаларда «жолыңды ашып, болашағыңды болжап беремін» дейтін көріпкелдер қаптап кетті. Көріпкелдерге бару дұрыс па?
- Сол адамдар шынымен де жол ашатын болса, өздерінің жолын ашып, өзі-ақ байып кетер еді. Бақсы, балгерлерге сену, бару Алланың алдында үлкен күнә әрі қателік болып табылады. Пайғамбарымыз (с.ғ.у.) хадисінде: «Кімде-кім бақсы, көріпкелдерге баратын болса, оның қырық күндік намазы қабыл болмайды», екінші бір хадисте «Кімде-кім бақсы, көріпкелдердің сөзін растаса, ол адам Пайғамбарға түскен құранға қарсы шыққан болады» дейді. Мұсылман адам олардан аулақ болуы тиіс. 
- Өткен әзірде «облыс аумағында терроризмді насихаттап, кәмелетке толмаған балаларын ұрып-соқты, жәбірледі» деген күдікпен қамауға алынған азаматша 7 жылға түрмеге тоғылғандығынан хабардар шығарсыз...

- Иә, ол әйелдің баласын лаңкестік әрекетке дайындағаны - жантүршігерлік жайт. Бұл - дінді айтпағанда, тіпті адами қасиетке сыймайтын әрекет. Жақында іссапармен Жезқазған қаласында болғанмын. Ол жақтан 40-қа жуық аталмыш топтың күмәнді уағыздарына еліктеп ерген қаракөз бауырларымыз жихад  деп Сириядағы соғысқа кетіп қалған. Кетеміз деп жүргендері қаншама? Ал шын мәнінде, араб елдерінде болып жатқан қақтығыстар үлкен саяси ойындардың жемісі екені белгілі. Олар сол елдерге барғаннан кейін, өз істерінің дұрыс емес екеніне көзі жетіп жатады. Мысалы, Ауғанстандағы соғысқа барған, санасы уланған еліміздің кейбір азаматтары әзер дегенде елге оралып, қазіргі таңда өкініп, опық жеп отыр. 
- Жастарымыздың жат ағымның жетегіне еріп, адасуының басты себебі не?

- Басты себеп - діни сауатсыздық және дәстүрлі ұстанымды тиісті деңгейде уағыздайтын мамандардың тапшылығы. Оның үстіне мешіттерімізде қызметкерлер саны шектеулі. Ал мешітке келушілер саны күн санап артуда.  Жат ағымның жетегіне ергендер, мешітке жаңадан келген жамағатты байқап, онымен танысып, үйіне дейін шығарып салып, өздерінің идеологияларын үгіттейді. Имамдарды сынап, жаңадан намаз үйреніп, мешітке қадам басқан жамағаттың жүрегіне күмән салады. Одан кейін кітаптар, дискілер сыйлайды. Жамағат тарапынан орын алатын бірінші қателік, сондай сәтте олардың берген әдебиеттерінің дұрыс-бұрыстығын мешіт имамдарынан анықтап, сұрап алмайды. Бұған қоса жат ағымдағыларды қолдап тұрған елдер бар. Сыртқы күштердің қолдауының орасан әсерін ешкім жоққа шығара алмас. Қазіргі таңда мешіттерімізде осындай теріс пәтуаларды жүректеріне сіңіріп қалған жастардың, имам уағыз айтып жатқанда құлақ салмай, құлақтарына тыңдағыш (наушник) киіп алып, өздерінің шейхсымақтарының уағыздарын тыңдап отырғанын көптеп көресіз. Олар өзгені тыңдамайды, тыңдаса, өздерінің қателікте жүргендерін түсінер еді. Жастардың жат ағымға кетуінің тағы бір себептерінің бірі - кейбір азаматтардың ақ пен қараны ажыратпастан, дін мемлекеттен бөлек дегенді сылтауратып, кез келген діни сипаттағы көріністерге қарсы шығуы. Мұны мен «зайырлы радикализм» деп атаймын. Олар тіпті дәстүрлі емес діни ағымдағы мен мешіт имамының үйретуі бойынша үйренген дәстүрлі ұстанымдағы намаз оқушыны ажыратып жатпай, түгелімен намаз оқуға қарсы әрекеттерге барады. Мысалы, Қарағандыда мешіт имамынан дәріс алып жүрген дәстүрлі ұстанымдағы бойжеткенді колледж директоры «орамал тақтың», - деп оқудан шығарып жіберген. Мұны жат ағымда жүргендер «құрметтеп жүрген мемлекетің сенің ұстанып жүрген дініңді аяққа таптап жатыр» деп, бойжеткенді өз қармақтарына түсіреді. Көріп тұрғаныңыздай, зайырлы радикализм де діни радикализмге итермелейді. 
- Әңгімеңізге рақмет!

Арайлым НҰҒЫМАНОВА
"Мұнайлы Астана"республикалық қоғамдық саяси газеті

Басқы бетке

Бүгінгі хадис



ҚАСИЕТТІ УАҚЫТТАР



.
/pic/news mesquite/0lhd.jpg
 

Намаз уақыты




( 20 қазан, 2017 жыл )

Таң 6:16
Күннің шығуы 7:31
Бесін 13:02
Екінті 16:43
Ақшам 18:27
Құптан 19:42
   
Қазір: Құптан
Жергілікті уақыт 20:09
Таңға дейін 10:08

Намаз кестесін жүктеу

Бір айға     Бір жылға

ФОТОГАЛЕРЕЯ


 

 ../pic/img/maulit1.jpg

 

meshit_gl.jpg

 

kurban_gl.jpg

 

final_gl.jpg

 

 


 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

ДІНИ ФИЛЬМДЕР


                                                                                                                           
Умар Бин Аль-Хаттаб
Умар Бин Аль-Хаттаб 
 
 Халид ибн Валид
                                                                                        Халид ибн Валид 

БAҒДАРЛАМАЛАР


 

 

 /pic/news mesquite/cvQAo.jpg

Азан бағдарламасы - күніне  бес рет намаз уақыттарында арнайы  ойнатқыш арқылы дыбысталатын бағдарлама. Сіз өзіңіз орналасқан қаланы таңдасаңыз, бұл бағдарлама автоматты түрде намаз уақытын білдіріп, азан дыбысталады..

 

/pic/news mesquite/G8D4Y.jpg

 

Намаз оқу адамның ішкі (ниет) және сыртқы (дәрет) тазалығын талап етеді. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат..

 

ӨМІРДІҢ ҮЗІК СЫРЛАРЫ