Бүгінгі аят



БІР САУАЛ



Көкпар тартудың үкімі қандай?
Сұрақ:

Көкпар тартудың үкімі қандай?

Жауап:

 Көкпар тарту – атамыз қазақта ертеден бері келе жатқан ат үстіндегі жарыстардың бір түрі. Қазақ халқы елін қорғайтын сарбазға лайық жігіттерді осы көкпар тарту арқылы жігерлендірген, сондықтан қазақтың ғұламаларынан бұл ойынға рұқсат бергені аңғарылады.

Жарыстан жеңгендерге Пайғамбарымыз секілді сый-сияпаттар беріп ынталандырған, бірақ қазақ халқы еш уақытта мейлі осы көкпар жарысында, мейлі ат жарысында болсын ақша, мал тігіп ойнауға рұқсат бермеген. Додаға түсіп жеңгенге, оза шапқанға шапан жауып, бәйге берген, ал сырттай ақша тігіп, жеңгені тігілген ақшаны алуға Ислам дінінде рұқсат жоқ. Бұл тікелей құмар ойын болып саналып, бұған Құранда тыйым салынған.

Сонымен қатар аттарға да зорлық-зомбылық көрсетпеуі керек. Пайғамбарымыздың тыйым салғаны бойынша, көкпар ойынында да көкпаршылар бір-біріне қиыншылық тудыр- мауы және әділ болуы шарт.

ДҰҒАЛАР


 

Dua.jpg 
.
«Дұға» –араб тілінен енген сөз. Ол тілдік жағынан – сұрау, шақыру, қалау, жәрдем өтіну деген мағыналарды береді. Ал терминдік жағынан  Алла тағаланың құдіретінің, ұлылығының алдында құлдың өз әлсіздігін  сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауы дегенді білдіреді.

 

Діни оқу орындары


    
duhovnoe_obrazovanie.jpg

 

Қазіргі таңда Қазақстанда

2300-ге жуық мешіт бар.

Бұл мешіттердің көпшілігінде ислами базалық негізде білім беретін сауат ашу курстары жұмыс істейді.

Сонымен қатар,

діни білім беретін медреселер мен

«Нұр-Мүбарак» университеті, Имамдардың білімін жетілдіру курсы жұмыс істейді.

 

НАМАЗ


 

namaz.jpg
.

Намаз - Исламның екінші бағаны.

Намаз оқу мұсылмандардың Аллаһқа сенуі және сәжде етуі.

Бұл бөлімде Сіз намазды қалай оқу керектігі жайлы толық

мәлімет ала аласыз!

ЗЕКЕТ ҚОРЫ



Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.ғ.с): «Мал-мүліктеріңді зекетпен қорғандар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» (2), - деген  хадисі  көп нәрсені аңғартса керек.

 

 

 

Зекет_лого.jpg

Жеті керемет



 

zheti_kere.jpg

Жердің жүзін мекендеген  халықтардың  көбісі  ерте  кезден-ақ жеті  санында  сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын  да ұлттар бар. Біздің  
ата-бабаларымыз да жеті  санын қастерлеп, бірқатар  таным-түсініктер мен 
жүйелерді жеті санымен   атайды. Бұл бөлімнен әлемнің  әр елінде  кездесетін  7 керемет туралы  мәлімет  ала  аласыз... 

ҚҰРАН ОҚУ КУРСЫ



                                        

kursi006.jpg
 

Тараз қаласы орталық мешітінің жанынан Исламның базалық негіздері бойынша курстар  ашылды. Сабақтар қолайлы графикпен аптасына бірнеше рет жүргізіледі.

 

kursi007.jpg

 

                  Өткізілетін пәндер:

 

Араб әліппесі

Тажуид

Құран

Ақида

Ғибадат

Фиқх

 

 

Қанатты сөз – қазына



СҰХБАТ

Тағдыр мәселесiнде кейбiр мұсылмандар шектен шығады
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы
Данияр ӘЛИМҰХАММЕДҰЛЫ



Бүгінгі сұхбатымызда адамдар арасындағы адамгершілік секілді құнды қасиеттердің құлдырауы, адасқан ағымдар мен тағдырға сенбеу мәселесі төңірегінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр Әлимұхаммедұлымен аз-кем әңгімелескен едік.




– Данияр Әлимұхаммедұлы, адам бойындағы ізгілік, адамгершілік секілді құнды қасиеттер бүгінде жоғалып бара жатқандай. Шынында да, мейірімді, ізгі адамдарды көрсек, таңырқай қарайтын болдық. Бұл қандай құбылыс?


– Бисмилләһир рахмаанир рахиим! Жалпы, ізгілік пен имандылық сияқты қасиеттер қай заманда болмасын адам баласының бойындағы құндылық болып саналған. «Малым – жанымның, жаным – арымның садағасы» деп қазақ атамыз айтпақшы, адамның ішкі тазалығы оның ең үлкен байлығы. Қазір құнсыздық құнды болып, құндылық құнсыз болып бара жатыр. Адам баласы рухани құлдырап, ішкі дүниесі әбден тозған уақытта адамды рухани байытатын дүниелер жетіспей жатады. Бұл мәселе кез келген адамды ойландырады. Кез келген адам не үшін өмір сүріп жүрмін деген ойға келеді. Бұрын астың алдында Құран оқылмай, дастарханға үлкен кісілер бата бермей, асқа ешкім қол созбайтын. Атадан балаға мирас болған осындай құндылықтарымыз бүгінде біртіндеп сейіліп, тіпті, үзіліп бара жатқандай. Бұл бір ғана мысал. Әрине, мұндай жағдайлар ұлттығымыздан, иманымыздан, дінімізден айырылуға себепші болады. Сол үшін мұндай дүниелерді дін жолындағы біздер қарияларымыз, ел ағалары бастап халыққа имандылықты насихаттап барынша жеткізуіміз керек. Егер насихаттың барлығы жүрекпен айтылса, ол міндетті түрде жүректерден орын алады. Бүгін оны ешкім бағаламаған күнде де, ертең жастарымыз ұғатын болады.


Жалпы алып қарастырғанда «ізгілік» – ауқымды тақырып. Жүрегінде иманы бар адам ізгі болады. Иманды адам деген сөз – біріншіден өзін адам деп таныған, Алла бір, ал Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар екенін мойындаған адам. Баршаға белгілі, биыл ҚМДБ тарапынан төрт құжат жарық көрді. Сол төрт құжаттың бірі мұсылманның тұлғалық бейнесіне қатысты. Мұсылманның бойынан табылуы керек он түрлі сипат айтылады. Оның ішінде отансүйгіш, ізгілікті болу, сабырлы болу, білім іздену, мейірімді болу, жан-жақты болу, Отанын қорғау, өзгелерге мейірімді болу сияқты сипаттар берілген. Бүгінде мұсылман деген атты көтеріп жүрген көпшілік. Бірақ, әрбір мұсылманның бойынан табылуы керек болған осындай құндылықтар адамдардың бойында азайып кетті. Кейбір адамдардың бойында мұсылманшылықтың аты түгілі, иісі де жоқ. Көп адам мұсылман болу керек дегенді түсінбей келеді. Құдайға сену өз алдына, Құдайға сенгеннен кейін адам өзінің болмысын, адами қасиетін сақтап, дінге, мұсылмандыққа кір келтірмей ғұмыр кешуі керек. Оның отбасының алдындағы, қоғамның алдындағы міндеттері, қызмет орнындағы адалдығы әрбір азаматқа бүгінгі күні өте қажет дүние. Біз ұлағатты сөздерді бұрында үлкен кісілерден еститінбіз. Ал ізгілікке бағыттайтын сөздерді қазір ғаламтордан іздейтін болдық. Қазіргі адамдар кез келген бір сұрақ туындаса, дереу ғаламторға жүгінеді. Бірақ, ғаламтор біздерге ақылшы бола алмайды. Бұл ақпарат құралы ғана. Адамдарға ақылшы болатын тұлғалар керек.


Қай заманда болмасын, адам баласы азғындыққа, имансыздыққа бет алып отырған. Алла Тағала адамдарға пайғамбарларды жіберіп, ненің ақ, ненің қара екенін түсіндірген. Енді бүгінгі таңда пайғамбарлар келмегенімен, Аллаға шүкір бізге үлгі, бағыт-бағдар бола алатын Құранымыз бар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бар. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) нақыл сөздерін жеткізген ғұламаларымыздың еңбектері бар. Адам баласы әр уақытта ізденісте болуы керек. Мен Алла үшін не істедім деген ойдың болғаны жөн. Адам Аллаға бір қадам жақындаса, Алла Тағала бізге он қадам жақындай түседі екен. Ол деген сөз – Алла бізге он жақсылықтың есігін ашады. Он бәленің алдын алады. Дәрежемізді арттырады. Бүгінде адам баласының жақсылыққа қадам басуы неліктен қиын болып қалды? Адамды азғырушы Ібіліс бар. Материалдық нәрсе бүгін адамды әбден жаулап алды. Дүниедегі құндылық пен ақыреттегі иман құндылығы екеуі екі нәрсе. Бұл екеуінің бірі сәл басым болса, екіншісі әлсірей түседі. Егер адамның рухани құндылығы артса, оның соңынан дүние құндылығы өздігінен ілесе береді. Адамның иманы күшейген сайын, адам өзі ойламаған, мүлде қиялына келмеген ырыздық-несібені беріп қояды. Ал, тек дүние құндылығымен ғана ғұмыр кешкен адамның имандылығы әлсірей түседі. Иман еш уақытта дүниенің соңынан қумайды. Ғұламаларымыз бізге осы нәрсені түсіндірген.


– Қоғамда болып жатқан түрлі келеңсіздіктерге қарап, пайғам­барымыз (с.ғ.с.) айтып кеткен ақырза­ман белгілерін аңғаруға болады. Тіпті, ол белгілердің көптігі сонша, қиямет жақын қалды ма деген ой келеді...


– Асыл дініміздің бастау бұлағы саналар Құран мен сүннетте қияметтің қашан болатыны тек Аллаға ғана мәлім екені айтылған. Мысалы, «Нәмл» сүресінің 65-аятында: «Көктер мен жердегі көместі Алладан басқа ешкім білмейді» делінеді. Ал қияметтің белгілері жайлы Құран аяттары мен Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) сахих тізбекпен жет­кен хадистер жайлы ислам ғұламаларының том-том кітаптары бар.


Дініне берік әр мұсылман қияметтің белгілеріне ой жүгіртіп, пікір қылуы сауапты іс. Себебі, мұнда ақырғы күнге даярлық, Алла алдындағы сұрақ-жауапқа әзірлік, өлімді еске алу тәрізді дініміздің басты бұйрықтарына мойынсұнушылық жатыр. Ал Қиямет күніне  бейқамдық – мұсылман пенделерді иманнан алыстатып, тақуалықтан тосады һәм қиямет азабын ұмыттырады.


Қазіргі күнгі Қияметтің алдында өмір сүрудеміз. Әһли сүннет ғалымдарының басым көпшілігінің пікірінше, Қияметтің кіші белгілі бүгінгі күні айналамызда болып жатыр.


Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде қияметтің кіші және үлкен белгілер деп екіге бөлінеді. Ол күн жайлы Алла Тағала «Ағраф» сүресінің 187 аятында: «(Мұхаммед (с.ғ.с.)!) Олар сенен Қияметтің қашан болатындығын сұрайды. «Шынында, оның мәліметі Раббымның қасында, Оның мезгілін Ол ғана білдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (Қиямет) сендерге кенеттен келеді», – де. Олар сен оны зерттеп отырғандай-ақ сұрастырады. «Шынында, оның білімі Алланың қасында, бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді», – деп айт» делінеді.


Мысалы: пайғамбарымыз Мұхаммед ﴾с.ғ.с.﴿ Хузайфадан ﴾р.а.﴿ жеткен хадисінде: «Біз жиналып қиямет күнін еске алып отырғанымызда, Нәби (с.ғ.с.) келіп: «Сендер не мәселені талқылап отырсыңдар?» – деді.


– Қиямет күнін еске алып отырмыз.


– Сендер он белгіні көрмей қиямет күні болмайды.


Хадисте айтылған он белгі тәпсірші ғалымдардың пікірінше қиямет күнінің жақындауының үлкен белгілеріне жатады.


Ал қиямет күні жақындағанында үлкен белгілері бірінен соң бірі қатар келеді. Үлкен қияметтің белгісі көп. Мәселен, Мәһдидің шығуы, Хазреті Исаның көктен түсуі, Даббәтул ардтың келуі, Йәжуж және Мәжуж қауымының шығуы,  Дүниені түтін қаптайды, күн батыстан шығады, жер бетін оттың шарпуы, жерлердің шөгуі, Қағбаның құлатылуы үлкен он белгіге жатады.


Иә, ғалымдар: «қияметтің жақындау белгілері бұзықтық пен әдепсіздіктің жайылуы; көршілердің хақысының бұзылуы; туыстық қатынастардың үзілуі. Опасыздың сенімге ие болып, аманат жүктелген адамның қиянатқа баруы; білімнің жоғалуы (беделінің жоғалуы), сауатсыздықтың төрге шығуы, жезөкшеліктің жер жүзін қаптауы, арақ ішудің күнделікті әдетке айналуы, елу әйелге бір күйеу болатындай дәрежеде еркектердің санының азаюы қиямет белгілеріне жатады», - деген.


– Қазіргі адасқан ағым көп. Солардың арасында тағдырға сенбеушілер мен оны жоққа шығарушылар да бар. Бұл туралы не айтасыз?


– Умея халифатының алғашқы кезеңінде «тағдыр» мен «қаза» мәселесі төңірегінде түрлі пікірталас болған. Міне, осы тағдыр мәселесінде кейбір мұсылмандар шектен шығады. «Алла адамның ісіне араласпайды, пенденің өзі барлық ісін таңдаумен ерікті түрде жасайды, тағдыр деген жоқ» дегенді алға тартады. Тағдырды жоққа шығарушы бұл топты «қадария» деп атады.


Қадария ағымының шығу тарихы жайында тарихшылар түрлі пікір айтады. Алайда көптеген тарихшы ғалымдардың пікірінше, бұл ағым Ирак еліндегі Басра қаласында пайда болған. Себебі, Ирак сол кезеңдерде идеологиялық тартыстың ошағына айналған еді. Міне, осындай бір кезеңде тағдырды жоққа шығарушы топ пайда болған. Тағдырға сенуді алғаш рет терістеген, тағдырға иман етуді қабыл етпеген – Мағбәд әл-Жуһани мен Ғайлан әд-Димашқи. Олар Ирактық христианнан үйренген сенімдерін өзгелерге насихаттауға көшеді. Мағбәд әл-Жуһани өз миссиясын Ирак аймағында уағыздауға тырысса, Ғайлан әд-Димашқи Шамда жаюға талпынды.


Ғайлан әд-Димашқи Шам қаласында өзінің сенімін тарата отырып, халифа Омар ибн Абдулазизбен сенім мәселесінде пікір таластырып, тіпті, халифа Омар ибн Абдулазизге: «Әй, Омар! Көріп тұрсың, бірақ түсінбейсің. Қарайсың, бірақ көре алмайсың. Әй, Омар! Сен Исламның қураған түсініктері ішінде өсіп жетілгеніңді біліп қой. Сүннет аяқ асты етіліп, бидғаттар көбеюде. Ғалымдар қорыққанынан ештеңе айта алмайды. Үмметті құтқаратын имам болғандай, апатқа душар ететін имам да бар. Сен қайсы имамнансың?», деп хат жолдайды. Хатта бастан-аяқ халифа Омар ибн Абдулазизді сынайды. Омар ибн Абдулазиз Ғайланды райынан қайтуға шақырды. Ақырында Ғайланды жеңіп, тәубеге келтіргенде Ғайлан халифа Омар ибн Абдулазизге: «Ей, мүміндердің әміршісі! Саған адасушы болып келдім, сен мені тура жолға салдың. Саған көр болып келіп едім, көзімді аштың. Саған сауатсыз болып келіп едім, сауатымды аштың. Аллаһқа ант етемін бұдан кейін бұл мәселеде ештеңе айтпаймын»,– деген.


Алайда халифа Омар ибн Абдулазиз 720 жылы қайтыс болған соң, Ғайлан әд-Димашқи ескі әуенін қайта басады.  Кейіннен келген халифа Һишам билікке қарсы айтылған сөз яки әрекеттің сыбысын естісе, қауіптің алдын алу үшін аяусыз жазалайтын.


Һишам ибн Абдулмалик Ғайланды бақылауға алып, емін-еркін үгіт-насихат жасауына қатаң тыйым салды. Бірақ Ғайланды себепсіз өлтіруді жөн көрмей, бір сылтау іздейді. Сөйтіп, сол кезеңдегі танымал Шам ғұламасы, фақиһ (құқықшысы) Имам Әузағимен пікір таластыруға шақырды. Ғайлан Һишамның алдына барғанда халифа оған: «Осы ел сен жайында көбірек әңгіме айтады», – дегенде, ол: «Ей, халифа ием! Менімен пікір таластыруға қалаған кісіні шақырыңыз, егер мен сөзден жеңілсем басымды шабыңыз», дейді. Осы сөзден соң Имам Әузағимен пікір таластырады.


Имам Әузағи Ғайланға:


– Бір сұрақ сұрайын ба, әлде үш пе, мүмкін төрт сұрақ қояйын, – дегенде, Ғайлан:


– Үш сұрақ қой, – дейді. Имам Әузағи:


– Алла Тағала тыйым салған бір нәрсеге үкім беріп, соны тағдырға телу мүмкін бе? Осыны айтшы, – дейді. Ғайлан:


– Мұны білмедім, – деп жауап береді. Имам Әузағи:


– Алла Тағала әмір еткен нәрсесінің жасалуына Өзі кедергі бола ма? – деп сұрайды. Ғайлан:


– Бұл біріншісінен де қиын екен. Мұны да білмедім, – дейді. Имам Әузағи:


– Алла Тағала харам еткен бір нәрсенің жасалуына көмектесе ме? Ғайлан:


– Бұл сұрақ алдыңғы екеуінен де қиын екен. Мұны да білмеймін, – деп жауап береді.


Өз аузынан қағынған Ғайлан әд-Димашқи осылайша басы кесіледі. Бұл сұрақтардың жауабы мынадай еді:


1. Алла Адам атаға жаннатта бір жемісті жеуге тыйым салғанымен, сол жемісті жеуді тағдырға жазып қойғандықтан, Адам ата соны жеген.


2. Алла Адамды жаратып, Ібіліске сәжде ет деп бұйырып, сәжде ету әмірінің орындалуына кедергі болды (Алла қаласа Ібілісті күштеп сәжде жасатар еді).


3. Алла өлексе, қан, доңыз етін харам еткенімен қиын-қыстау уақытта жеуге рұқсат береді. Осылайша харам еткен бір істің орындалуына мүмкіндік берді.


Қадария ағымы уақыт өте келе жаңа сипат алып, тарихта муғтазиләға орын береді. Қадария ағымы өз арасында он сегіз топқа бөлінді. Олардың басым көпшілігін муғтазилиттер құрады.


– Әлемді дүрліктіріп отырған ДАИШ ұйымының негізгі ұстанымдары сәләфилік ағым екендігі белгілі. Бұл ағымды қолдаушылар біздің елімізде де соңғы уақытта жиі көрініп жүр. Бұл ағым біздің елге қашан және қалай келіп үлгерді?


– Сәләфилік тарихта «харижиттік» әрекет ретінде де танымал болған. Өйткені олардың әрекеттеріндегі қатыгездік, өз ұстанымдарына қосылмағандарды кәпір деп айыптау әркеттері харижит ақидасының (сенімінің) көшірмесі іспетті. Сондай-ақ, олар өздерін «мууаххидун» (бірлік жолындағылар) деп атаған. Ибн Таймияның жолы мен Ханбали мәзһабын ұстанатындарын айтқанымен, Ханбали мәзһабына қайшы келетін тұстары жетерлік. Сәләфилер өздерін: «Біз сенімде сәләф, амалда ханбали мәзһабын ұстанамыз. Негізінде Ахмад ибн Ханбал сенімде сәләфты ұстаған. Біз де амал мен итиқадта Ханбалиміз. Сәләфилік деген нәрсе жоқ. Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб білімімен және ісімен осы мәзһабты жаңартқан Шайхулислам», деп сипаттайды. Шындығында олардың тарихта жасаған қатыгездік пен зұлымдықтары исламға қайшы келеді.


Сәләфилік идеологияны қолдаушылар ислам әлемінің көптеген елдерінде белсенді жұмыс жасауда. Кеңес Үкіметі құлағаннан кейін Орта Азия елдеріне, соның ішінде қазақ жеріне тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда келе бастады. Салафилік идеология өкілдері елімізде алғашқы кезде қайырымдылық қорлар ашып, діни сауат ашу курстарын, араб тілін үйрететін оқу орындарын ашып, көптеген жастардың санасын улады. Қала берсе орыс тіліне аударылған тегін діни әдебиеттер таратумен діни сауаты жоқ қандастарымызды өз қатарларына тарта білді. Тоқсаныншы жылдары көптеген жастар діни білім алу мақсатында араб елдеріне бет алды. Соның  ішінде осы идеологияның шырмауына іліккен кейбір жастар оқуын тамамдап, елге оралған соң сол діни ағымның ұстанымдарын жаюға көшкендігін Әбсаттар қажы Дербісәлі «Біз ұстанатын діни жол» атты еңбегінде атап өтеді.


Олар алғашқы кезде дінге ықылас танытқан адамға түрлі діни әдебиеттер, уағыз жазылған аудио-бейне жазбалар ұсынады. Ондай уағыздарда ашық жиһадқа шақыру, халифат құру секілді экстремистік идеялар болмайды. Бірақ бұл кітаптар мен брошюралардың негізгі мақсаты – адам санасына сәләфиліктің базалық идеяларын (ширк, бидағат т.б.) сіңіру, сол арқылы болашақта экстремистік идеяларды (кәпірлерге, адасқандарға қарсы жиһад, мемлекеттік құрылымды құлату т.б.) жатсынбайтындай ету болатын. Бүгінде елімізде болып жатқан лаңкестік әрекеттер сол жұмыстарының «жемісі».


Бұл ағым өкілдері әһли сүннет жолын ұстанушы 4 мәзһабтың біреуін де ұстанбай өздерін «сунна» жолында жүрміз, «сәләфпыз» деп санайды. Ал негізгі әһли сүннет жолын ұстанушылар ханафи, шафи, мәлики, ханбали мәзһабтары екендігі тарихи шындық. Ислам тарихындағы шынайы сәләф жолын ұстанушылар қоғам бірлігі мен ынтымағына, мұсылманның ауызбіршілігіне сызат түсіретін ешқандай оғаш қылық көрсетпеген. Ал аталмыш ағым өкілдері өздерін сәләф санай отырып, өзі секілді сенімді ұстанбаған мұсылманды кәпір, мүшірік деп, ондай жанға қол көтеруді күнә санамайды. Әһли сүннет ғалымдары рұқсат беріп, қаншама ғасыр бойы жалғасын тауып келген кейбір діни мәселені бидғат санап, мұсылман жамағаты арасында іріткі салуда.


Біздің елімізде сәләфилік ағымның шырмауына негізінен 17 мен 40 жас аралығындағы жастар, соның ішінде студенттер көбірек тартылған. Тоқсаныншы жылдары араб елдерінен келген азаматтар ашқан курстар мен қорлар сәләфилік «ілімді» насихаттады. Қазақстан Рес­пуб­ликасы аумағында ресми діни бірлестік болып тіркелмесе де, олар көбінесе түрлі қайырымдылық қорлардың атын жамылып, өз идеологиясын таратып келді.


Өкінішке қарай, бұл ағым өкілдері ізгілік пен мейірімділіктің орнына қатігездік пен дөрекілікті ту етіп ұстанып, ислам дініне орны толмас залалын тигізді. Мысалы, исламдағы отбасын құру мәселесін мүлдем ұят жағдайға жеткізді. Дініміздің көп әйел алуға рұқсат берген кеңшілігін дұрыс пайымдамай үйлену мен ажырасуды нәпсі қалауларына сәйкес жасап, қарапайым жұртшылықты исламға үрке қарайтын жағдайға жеткізді.


Бүгінде бұл бағытты ұстанушылардың өздері бірнеше ағымдарға бөлініп кетті. Негізі кез келген ағым уақыт өте келе өзара келісе алмай тармақтарға бөлінетіндігі ақиқат. Олардың бұлай бөлінуіне бірнеше себептер түрткі болған. Мәселен, амал етпеген жан «кәпір ме, әлде мұсылман ба?», «кәпірлермен одақтасуға бола ма, болмай ма?»,  «басшыға бағыну», «патшаның саясатын қолдау немесе қолдамау» секілді әрі ақидаға әрі саясатқа қатысты мәселелер төңірегінде келісе алмай «мадхалиттер», «сурурилер», «такфирлер» болып бөлініп кеткен. Аталмыш ағым өкілдерінің ұстаздары мен негізге алатын әдебиеттері бір бола тұра бір-бірлерін адасушылықпен, күпірлікпен айыптап, тек өздерін ғана тура жолда жүрген мұсылман ретінде санайды.


– Әңгімеңізге рахмет!


Сұхбаттасқан


Әлімхан СЫРБАЙ




Басқы бетке

Бүгінгі хадис



ҚАСИЕТТІ УАҚЫТТАР



.
/pic/news mesquite/0lhd.jpg
 

Намаз уақыты




( 20 қазан, 2017 жыл )

Таң 6:16
Күннің шығуы 7:31
Бесін 13:02
Екінті 16:43
Ақшам 18:27
Құптан 19:42
   
Қазір: Құптан
Жергілікті уақыт 20:11
Таңға дейін 10:06

Намаз кестесін жүктеу

Бір айға     Бір жылға

ФОТОГАЛЕРЕЯ


 

 ../pic/img/maulit1.jpg

 

meshit_gl.jpg

 

kurban_gl.jpg

 

final_gl.jpg

 

 


 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

ДІНИ ФИЛЬМДЕР


                                                                                                                           
Умар Бин Аль-Хаттаб
Умар Бин Аль-Хаттаб 
 
 Халид ибн Валид
                                                                                        Халид ибн Валид 

БAҒДАРЛАМАЛАР


 

 

 /pic/news mesquite/cvQAo.jpg

Азан бағдарламасы - күніне  бес рет намаз уақыттарында арнайы  ойнатқыш арқылы дыбысталатын бағдарлама. Сіз өзіңіз орналасқан қаланы таңдасаңыз, бұл бағдарлама автоматты түрде намаз уақытын білдіріп, азан дыбысталады..

 

/pic/news mesquite/G8D4Y.jpg

 

Намаз оқу адамның ішкі (ниет) және сыртқы (дәрет) тазалығын талап етеді. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат..

 

ӨМІРДІҢ ҮЗІК СЫРЛАРЫ