Бүгінгі аят



БІР САУАЛ



Үйлену үшін қыздың келісімін алу міндетті ме?
Сұрақ:

Үйлену үшін қыздың келісімін алу міндетті ме?

Жауап:

Қызына құда түсіп келгенде, ата-ана қарсы жаққа жауаптарын беру үшін міндетті түрде

қызымен ақылдасуы қажет. Қыздың пікірін білген соң ғана құда түсушілерге өздерінің жауабын айтады. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
لاَ تُنْكَحُ الأَْیِّمُ حَتَّى تُسْتَأْمَرَ وَ لاَ تُنْكَحُ الْبِكْرُ حَتَّى تُسْتَأْذَنَ

«Жесір əйел ұсынысты қабыл етпейінше, ал жас қыздың ризашылығы алынбайынша,
əйелдерді некелестірмеңдер»[32], – деген. Жесір əйелді үйлендіру міндетті түрде оның
«Келісемін» деген сөзінен соң ғана іске асады. Ол ұсынысты қабыл алғанын өзі білдіре алады. 

Ал оң жақта отырған бойжеткендер мұндай сөзді айтудан қымсынатындықтан,  үлкендер жағының сұрағына үндемеуі немесе күлімсіреуі оның келіскенін білдіргені деп қабылданады.

Яғни неке қию үшін қандай жағдайда да əйел затының келісімі болуы тиіс. Себебі Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) бір сахабаның қызының келісімін алмастан қидыртқан некесін бұзған. Хазірет Омар (р.а.) да бұл жайында былай деген: «Қыздарыңды қинап үйлендірмеңдер. Олар да сендер секілді жақсы мен əдеміні қалайды».

Сондықтан «Менің айтқан адамыма тұрмысқа шығасың», «Айттым бітті, соған күйеуге тиесің» деп, қызды күйеуге еркінен тыс беру ешқашан дұрыс келісім дəрежесінде қабылданбайды.

ДҰҒАЛАР


 

Dua.jpg 
.
«Дұға» –араб тілінен енген сөз. Ол тілдік жағынан – сұрау, шақыру, қалау, жәрдем өтіну деген мағыналарды береді. Ал терминдік жағынан  Алла тағаланың құдіретінің, ұлылығының алдында құлдың өз әлсіздігін  сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауы дегенді білдіреді.

 

Діни оқу орындары


    
duhovnoe_obrazovanie.jpg

 

Қазіргі таңда Қазақстанда

2300-ге жуық мешіт бар.

Бұл мешіттердің көпшілігінде ислами базалық негізде білім беретін сауат ашу курстары жұмыс істейді.

Сонымен қатар,

діни білім беретін медреселер мен

«Нұр-Мүбарак» университеті, Имамдардың білімін жетілдіру курсы жұмыс істейді.

 

НАМАЗ


 

namaz.jpg
.

Намаз - Исламның екінші бағаны.

Намаз оқу мұсылмандардың Аллаһқа сенуі және сәжде етуі.

Бұл бөлімде Сіз намазды қалай оқу керектігі жайлы толық

мәлімет ала аласыз!

ЗЕКЕТ ҚОРЫ



Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.ғ.с): «Мал-мүліктеріңді зекетпен қорғандар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» (2), - деген  хадисі  көп нәрсені аңғартса керек.

 

 

 

Зекет_лого.jpg

Жеті керемет



 

zheti_kere.jpg

Жердің жүзін мекендеген  халықтардың  көбісі  ерте  кезден-ақ жеті  санында  сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын  да ұлттар бар. Біздің  
ата-бабаларымыз да жеті  санын қастерлеп, бірқатар  таным-түсініктер мен 
жүйелерді жеті санымен   атайды. Бұл бөлімнен әлемнің  әр елінде  кездесетін  7 керемет туралы  мәлімет  ала  аласыз... 

ҚҰРАН ОҚУ КУРСЫ



                                        

kursi006.jpg
 

Тараз қаласы орталық мешітінің жанынан Исламның базалық негіздері бойынша курстар  ашылды. Сабақтар қолайлы графикпен аптасына бірнеше рет жүргізіледі.

 

kursi007.jpg

 

                  Өткізілетін пәндер:

 

Араб әліппесі

Тажуид

Құран

Ақида

Ғибадат

Фиқх

 

 

Қанатты сөз – қазына



МЕШІТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ


16.01.2017. Көпбалалы жанұялар мешіттен көмек алды.

 «Һибатулла Тарази» мешітінде көпбалалы отбасыларға арналған қайырымдылық науқаны өтті. Іс-шара аясында балалы-шағалы 15 анаға көмек ретінде 12 000 теңгеден үлестірілді. Сонымен қатар бума-бума, қап-қап азық-түліктер таратылды.



75

16.01.2017. Жыл басы жастармен кездесуден басталды

Қордай ауданының дін қызметкерлері уағыз-насихат жұмыстарына белсене кірісті. Жыл басындағы алғашқы кездесу Қақпатас ауылдық №30 орта мектеп қабырғасында өтіп, жиынға жоғарғы сынып оқушылары қатысты.



99

16.01.2017. Қасық ауылының тұрғындары Мәуліт мерекесін өткізді

Қордай ауданының мұсылман жамағаты мәуліт мерекесін тойлаудан қалыс қалмай, тіпті ауылдық жерлерде мереке өз жалғасын тауып жатыр. Қасық ауылы «Құдайберген» мешітінің имамы С.Аманбаевтың және Жамбыл ауылдық «Әл-Хафиз» мешітінің имамы Н.Кеулимжаевтің ұйытқы болуымен ауылдық мәдениет үйінде «Қош келдің, Мәуліт» атты мерекелік іс-шара жүргізілді.



107

16.01.2017. Ауыл молдаларына жиналыс жасалды

Т.Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінде ауыл молдаларына арналған жиналыс өтті. Жиын күн тәртібіндегі негізгі тақырып «Қоғамдағы молдалардың орны» жайлы өрбіді.



120

13.01.2017. Жамбыл облысында өткен Мәуліт кештері. (ФОТО)

Мәуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Адамзаттың асылы, пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған уақытына байланысты тойланатын мейрам мәуліт мерекесі деп аталады. 



360

12.01.2017. Меркі ауданында Мәуліт мерекесі тойланды

Биылғы жылғы Мәуліт мерекесі ауданымыздың бірнеше елді мекенінде үлкен деңгейде аталып өтуі қуантарлық жай.



218

11.01.2017. Жамбыл ауданында Мәуліт мейрамы аталып өтті.

 Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастырумен және аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының ұйытқы болуымен Пайғамбарымыздың (с.а.у) туған күніне арналған «Мәуліт» мерекесі аталып өтті.



427

11.01.2017. Мәуліт мерекесі жалғасын табуда

Сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с) туылған күні Мәуліт мерекесі – мұсылмандар үшін ұлық мереке. «Байзақ баба» мешіті қызметкерлерінің ұйытқы болуымен “Шыңғыс” мейрамханасының басшысы Бейбіт Абдуалиев және кәсіпкер Ильяс Ерсеитовтің демеушілігімен «Сағындым сені, Я Расулалла!» атты тақырыпта өткен шарада пайғамбарымыздың (с.ғ.с)  өмірі мен қызметі, өнегелі ісі кеңінен айтылды.



434

07.01.2017. Ғалым Ризабек Батталұлы Тараз жамағатымен жүздесті.

Бүгін Тараз шаһарына арнайы "Нұр Мүбəрак" Мысыр Ислам мəдениеті университетінің ұстазы,  ғалым Ризабек Батталұлы келді.



1146

06.01.2017 Құрметті жамағат!

7-қаңтарда Пешін намазында Жамбыл облыстық орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде елімізге танымал ғалым, ұстаз Ризабек Батталұлы уағыз айтады. келіңіздер!



457

06.01.2017. Әйелдер жамағатының назарына!

Құрметті әйелдер жамағаты! Қалыптасқан дәстүр бойынша, әр айдың бірінші сенбісінде әйелдерге арналған уағыз жүргізіледі.



663

04.01.2017. 1 ғасырлық мешітте Мәуліт оқылды.

«Әулие ата» мешітінде әйелдер жамағатының қатысуымен мәуліт мерекесі аталып өтті. Іс-шара барысында аталған мешіттің бас имамы Ораз Баймаханов мәуліт оқыды. Жиынға арнайы келген ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жалпы және жастар білімі Қыздар, әйелдер секторының өкілі Зейнеп Үсенова жамағатқа «Мәуліт мерекесі» туралы уағыз-насихат жүргізді.



1266

30.12.2016. «Байзақ баба» мешітінің бас имамы алғыс хатпен марапатталды

Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Рамиз қажы Азизов алғыс хатпен марапатталды. Хатты Байзақ ауданына қарасты «Бәйтерек» ауылдық еңбек ардагерлер төрағасы Сәбит Айтбаев табыстады.



672

28.12.2016. Бегалы ата мешіті Мәуліт рухани кешін өткізді.

Мәуліт - күллі мұсылман халқы үшін қадірлі мереке. «Бегалы ата» мешітінің бас имам Таңат Кеңесбайұлының ұйытқы болуымен «БЕК» мейрамханасында ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) арналып мәуліт оқылды.



604

27.12.2016. Тәуелсіздіктің 25 жылдығында дін мамандары марапатталды

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, Жамбыл облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен түрлі дін өкілдерінің басын қосқан дөңгелек үстел өтті.



592

Бүгінгі хадис



ҚАСИЕТТІ УАҚЫТТАР



.
/pic/news mesquite/0lhd.jpg
 

Намаз уақыты




( 16 қаңтар, 2017 жыл )

Таң 7:19
Күннің шығуы 8:40
Бесін 13:27
Екінті 16:26
Ақшам 18:09
Құптан 19:29
   
Қазір: Құптан
Жергілікті уақыт 23:17
Таңға дейін 8:02

Намаз кестесін жүктеу

Бір айға     Бір жылға

ФОТОГАЛЕРЕЯ


 

 ../pic/img/maulit1.jpg

 

meshit_gl.jpg

 

kurban_gl.jpg

 

final_gl.jpg

 

 


 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

ДІНИ ФИЛЬМДЕР


                                                                                                                           
Умар Бин Аль-Хаттаб
Умар Бин Аль-Хаттаб 
 
 Халид ибн Валид
                                                                                        Халид ибн Валид 

БAҒДАРЛАМАЛАР


 

 

 /pic/news mesquite/cvQAo.jpg

Азан бағдарламасы - күніне  бес рет намаз уақыттарында арнайы  ойнатқыш арқылы дыбысталатын бағдарлама. Сіз өзіңіз орналасқан қаланы таңдасаңыз, бұл бағдарлама автоматты түрде намаз уақытын білдіріп, азан дыбысталады..

 

/pic/news mesquite/G8D4Y.jpg

 

Намаз оқу адамның ішкі (ниет) және сыртқы (дәрет) тазалығын талап етеді. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат..

 

ӨМІРДІҢ ҮЗІК СЫРЛАРЫ