Бүгінгі аят



БІР САУАЛ



Күйеуі – әйеліне, әйелі – күйеуіне малдарының зекеттерін бере ала ма?
Сұрақ:

Күйеуі – әйеліне, әйелі – күйеуіне малдарының зекеттерін бере ала ма?

Жауап:

Әйелдің нәпақасын қамтамасыз ету – күйеуінің міндеті. Күйеуі пақыр әйеліне малының зекетін бере алмайды. Имам Әбу Ханифа хазіреттің пікіріне сүйенсек, бай әйел малының зекетін мұқтаж күйеуіне бере алмайды. Ал, Имам Әбу Юсуп және Имам Мұхаммедтің пікіріне сүйенсек, беруіне болады.

Қайын ата және қайын ана – күйеу балаларына, күйеу балалары – қайын аталары мен қайын енелеріне малдарының зекеттерін берулеріне болады.

ДҰҒАЛАР


 

Dua.jpg 
.
«Дұға» –араб тілінен енген сөз. Ол тілдік жағынан – сұрау, шақыру, қалау, жәрдем өтіну деген мағыналарды береді. Ал терминдік жағынан  Алла тағаланың құдіретінің, ұлылығының алдында құлдың өз әлсіздігін  сезініп, Оған шынайы ниетпен бет бұрып мұң-мұқтажын өтеуге жәрдем, көмек сұрауы дегенді білдіреді.

 

Діни оқу орындары


    
duhovnoe_obrazovanie.jpg

 

Қазіргі таңда Қазақстанда

2300-ге жуық мешіт бар.

Бұл мешіттердің көпшілігінде ислами базалық негізде білім беретін сауат ашу курстары жұмыс істейді.

Сонымен қатар,

діни білім беретін медреселер мен

«Нұр-Мүбарак» университеті, Имамдардың білімін жетілдіру курсы жұмыс істейді.

 

НАМАЗ


 

namaz.jpg
.

Намаз - Исламның екінші бағаны.

Намаз оқу мұсылмандардың Аллаһқа сенуі және сәжде етуі.

Бұл бөлімде Сіз намазды қалай оқу керектігі жайлы толық

мәлімет ала аласыз!

ЗЕКЕТ ҚОРЫ



Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.ғ.с): «Мал-мүліктеріңді зекетпен қорғандар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» (2), - деген  хадисі  көп нәрсені аңғартса керек.

 

 

 

Зекет_лого.jpg

Жеті керемет



 

zheti_kere.jpg

Жердің жүзін мекендеген  халықтардың  көбісі  ерте  кезден-ақ жеті  санында  сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын  да ұлттар бар. Біздің  
ата-бабаларымыз да жеті  санын қастерлеп, бірқатар  таным-түсініктер мен 
жүйелерді жеті санымен   атайды. Бұл бөлімнен әлемнің  әр елінде  кездесетін  7 керемет туралы  мәлімет  ала  аласыз... 

ҚҰРАН ОҚУ КУРСЫ



                                        

kursi006.jpg
 

Тараз қаласы орталық мешітінің жанынан Исламның базалық негіздері бойынша курстар  ашылды. Сабақтар қолайлы графикпен аптасына бірнеше рет жүргізіледі.

 

kursi007.jpg

 

                  Өткізілетін пәндер:

 

Араб әліппесі

Тажуид

Құран

Ақида

Ғибадат

Фиқх

 

 

Қанатты сөз – қазына



Компьютерге арналған бағдарламалар (Windows)

Salaat Time Нұсқа: 2.1

Salaat Time - бұл күнделікті 5 уақыт намаз уақытын есептеп отыратын мұсылмандарға арналған көп қызметті тегін бағдарлама. Сонымен қатар кез келген жерден Құбылаға бағытты да көрсетеді.
Бағдарлама жүйеде орнатылады, намаз оқу уақыты кіргенде, экранда азанмен немесе онсыз хат пайда болады.

 


Жүктеу

Арабеск.

Кітапта араб әріптерін қалай дұрыс оқитыны орыс тілінде анықталған және суреттерде көрсетілген 10 интерактивті сабақтар бар. Әріптер мен сөздердің жазылуы өте жақсы көрсетілген. Ұшқыш қарандаш арабша дұрыс жазуды үйретеді, оны бақылап, қайталаңыз. Сонымен қатар кітапта жаттауға арналған комикс түріндегі сөздер мен диалогтар, тексерме жаттығулары бар. Кітапты қолдану үшін оны компьютеріңізге жүктеңіз, ашыңыз. Арабеск папкасында arabicbook.html. файлын ашыңыз. Өзіңізге қажетті беттер мен сабақтарды таңдаңыз. Бағдарлама компьютеріңізде жұмыс істеу үшін сізде WinRar немесе 7zip, сонымен қатар  Flash Player орнатылған болу керек.


Жүктеу

Қиямет күні қалай бақытты болуға болады?

Компьютерлік ойын "Қиямет күні қалай бақытты болуға болады?" (жаңа түр). Ойындағы сұрақтар "Мұхаммед Пайғамбардың (Оған Аллахтың сәлемі мен игілігі болсын) өмірбаяны және діннің тіректері" атты кітаптарына сүйене отырып құрастырылған. Берілген бағдарламаны коммерциялық бағытта қолдануға тиым салынған. Еркін түрде таратылады.


Жүктеу

Ислами зияткерлік ойын.

 

Ислами зияткерлік ойын бағдарламасы әйгілі «Миллион кімге бұйырады?» телеойыны негізінде жасалған.


Жүктеу

Дерекнама.

«Дерекнама» Ислам  мәдени орталығы төмендегі оқу бағдарламаларын ұсынады:

1. Араб тілін оқыту
2. Тәжуид (Құран оқу ережесі)
3. Намаз негіздері
4. Құранның қысқа сүрелерін жаттау.


Жүктеу

Иман негіздері (орыс тілінде).

Иман негіздері - Ислам  діні ақида мен шариғаттан тұрады. Ал енді Ислам ақидасы және оның негізі - Аллаһ тағалаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақирет күніне, тағдырдың жақсылығы мен жамандығына иман келтіру. Бұл негіздер осы бағдарламада толық қамтылған. Бұл бағдарлама DOC және PDF файлдары арқылы оқуға ыңғайлы форматта, орыс және араб тілдеріндегі нұсқада ыңғайлы мәзірде   жасалған. Бағдарламаның мазмұны орыс тілінде жасалып отыр.  Бағдарлама Ислам діні жайлы мағлұмат аламын деген барша адамдарға және білімгерлердің Ислам тақырыбында реферат жазуларына арналған.


Жүктеу

Read Write Arabic (араб әліппесін үйрену бағдарламасы)

ReadWrite Arabic бағдарламас. Сізге араб тілінде жазуға және оқуға үйретеді.


Жүктеу

Дәрет қалай алынады?

Намаз оқу адамның ішкі (ниет) және сыртқы (дәрет) тазалығын талап етеді. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат. Назарларыңызға қалай дәрет алу керектігін үйрететін осы бағдарламаны ұсынамыз.


Жүктеу

Quran 3d.

бағдарламасы - Құранды  араб тілінде оқуға арналған бағдарлама. Бағдарламада Құран кітапты  үш өлшемді кеңістік бойынша айналдырып, жақындатып, ауқымын үлкейтіп және т.б. қызметтерін пайдалануға болады.


Жүктеу

Hijri Calendar (Ислам күнтізбесі)

Ағылшын тіліндегі Ислам күнтізбесі.


Жүктеу

Athan Basic Free Нұсқа:4.2

Азан бағдарламасы - күніне  бес рет намаз уақыттарында арнайы  ойнатқыш арқылы дыбысталатын бағдарлама. Сіз өзіңіз орналасқан қаланы таңдасаңыз, бұл бағдарлама автоматты түрде намаз уақытын білдіріп, азан дыбысталады..
Бағдарламадағы тілдер: Орыс, араб, ағылшын, француз, испан, неміс, итальян, қытай, түрік, босния, индонезия, швед, өзбек, албан.


Жүктеу

Дұха. Құран үйрену бағдарламасы.

Құран оқуды үйренудің орыс тіліндегі мультимедиялық бағдарламасы. Мұнда 6 қаридың (Хусари, Миншави, Гамиди, Джибрил және т.б.) бірінің орындауындағы Құран сүрелерін тыңдауға және орыс, ағылшын және т.б. тілдердегі аудармаларын   таңдауға мүмкіндік бар.
Интерфейс тілі: Көптілді 


Жүктеу

Ұялы телефонға арналған бағдарламалар (Java, Symbian OS)

s60 Quran.

uQuran - Ұялы телефонда Құран оқуға арналған бағдарлама. Қолдануға өте қолайлы. Көркем безендірілген.
Бағдарлама тілі: ағылшын, араб.


Жүктеу

Islamic Organizer for S60.

Islamic Organizer - бұл бағдарлама Symbian 9 (Nokia S60) жүйесіне арналған. Бағдарлама намаз уақыттарын көрсетеді, намаз уақыты болған кезде азан шақырады және құбыланың қай бағытта екенін анықтайды. GPS қолдану мүмкіндігі бар. Түрі әдемі, қолдануға ыңғайлы және әртүрлі күйге келтіруге болады.
Бағдарлама тілі: ағылшын.


Жүктеу

uQuran

- Ұялы телефонда Құран оқуға арналған бағдарлама.  Толық Құран. Қолдануға өте қолайлы. Көркем безендірілген.
Бағдарлама тілі: ағылшын, араб.


Жүктеу

Prophets Duas Basic.

 - Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу ъалайһи уа сәлләм) айтқан дұғалар.Бағдарлама тілі: ағылшын.


Жүктеу

Zakat Calculator.

- Зекетті қанша көлемде беру керек екендігін анықтайтын бағдарлама.
Бағдарлама тілі: ағылшын.


Жүктеу

Halal Food Guide

 - бұл бағдарлама халал немесе заттың халал емес екенін анықтауға арналған.
Бағдарлама тілі: ағылшын.


Жүктеу

Ислами кітаптар мен телефондар жинағы.

Ислами кітаптар мен телефондардың ең үлкен жинағы.


Жүктеу

iPhone-ға арналған бағдарламалар iPad, iPod Touch (iOS)

iFunBox Нұсқа: 1.99.958.697

www.i-funbox.com


Д Бұл бағдарлама Wi-Fi, GPRS, 3G немесе AppStore ұсынған ресурстарды қолданбай-ақ iPhone телефонға әр түрлі бағдарламалар, аудио файлдар, суреттер еңгізуге арналған. Көп қолданушылардың таңдауы бойынша осы мақсаттағы ең үздік тегін бағдарлама.


Жүктеу

iPray: Prayer Times & Qibla Compass Нұсқа: 3.2.7

Guided Ways Technologies Ltd


iPray Pro - бұл бағдарлама сіз қай қалада тұрсаңыз да сізге намаз уақыттарын  білуге көмегін тигізеді. Бағдарламаның тағы да бір мүмкіндігі азан шақыру арқылы намаз уақытының кіргендігін ескертеді және құбыла бағытын көрсетеді.


Жүктеу

Аллаһтың 99 көркем есімі Нұсқа: 4

Bas Meijer


Бағдарламада Алланың 99 көркем есімі жазылған. Яғни Алланың 99 көркем есімін орыс тілінде түсіндірмесімен оқуға болады. Бағдарламаның өзі орыс тілінде және Алланың 99 көркем есімін араб тілінде әр есімнің айтылуын тыңдау мүмкіндігі бар.


Жүктеу

Ислам радио Версия:1.0

Hung Hing Wong


Бағдарлама арқылы таңдаулы 10 ислам радиоларын араб және ағылшын тілінде тыңдауға мүмкіндік болады. Бағдарламаны қолдану үшін Wi-Fi арқылы немесе басқа жолмен ғаламторға қосылу қажет.


Жүктеу

iDua Нұсқа:1.8

MA Interactive
Бағдарлама мүмкіндіктері:

- Үш жүзден аса сахих хадистерден алынған дұғалар бар
- Елуден астам Қасиетті Құраннан алынған дұғалар бар
- Дұғаларды араб тілінде оқуға және жаттауға мүмкіндік бар
- Ағылшын, француз тілінде аудармалар бар
- Іздеу мүмкіндігі бар
- Дұғаларды араб тілінде тыңдауға мүмкіндік бар
- Дұғаларды достарыңыздың emailіне жіберуге болады
- 3 түрлі түрін өзгерту мүмкіндігі бар.


Жүктеу

Халал сканер Нұсқа:1.3

Mello Apps Limited


Халал сканер - бағдарламасы арқылы сатып алынған тағамдардың номерін сканерлеу арқылы тағамның құрамын анықтауға болады.


Жүктеу

Жаназа намаз Нұсқа: 1.0

Magnicode, Inc


Бағдарлама арқылы жаназа намазы қалай оқылатынын үйренуге болады. Бағдарлама ішінде сүннетке сәйкес жаназа намазына қатысты араб тілінде дұғалар, аудио файлдар бар.


Жүктеу

iHadith Pro Нұсқа: 2.3

TkXel


Әйгілі алты хадисші  жеткізген 34000 астам сахих хадистер жинағы бір бағдарламада.  Darussalam - ең сенімді және танымал ислам баспасы. Бұл бағдарлама осы баспаның өнімдерін қолданады. iPhone, IPod Touch және  IPad үшін арналған.


Жүктеу

iQuran Нұсқа: 3.2

Guided Ways Technologies Ltd.


iQuran III - Құранның толық османдық қаріп түрінде ұсынатын жаңа нұсқа. Бағдарламада Құран оқу ережелері түрлі түстермен көрсетілген және түрлі аудармалары, дауыстап оқу жүйесі де қамтылған.


Жүктеу

Мұсылманша сәби есімдері Нұсқа: 1.1

IhsaanFusion, LLC


Сәбиіңізге ерекше есім іздеп жүрсіз бе?

  • Өзіңіздің есіміңіз қандай мағына беретіні туралы білгіңіз келе ме?
  • Ғаламтордан үнемі іздеуден жалықтыңыз ба?

Назар аударыңыз! Бұл Сіз ұзақ іздеген бағдарлама!
Muslim Baby Names - адамға есім таңдауға көмек беретін ерекше бағдарлама. Бұл бағдарламада еш жерде кездесе бермейтін ерекше 5500 есімдер қамтылған.

 

 


Жүктеу

iSubha: Islamic Prayer Beads Нұсқа: 1.2

Guided Ways Technologies Ltd


iSubha  интерфейсті басу арқылы тасбих санауға арналған бағдарлама.


Жүктеу

Islamic Compass: Prayer Times & Athan Alarm Нұсқа: 2.3

Islam Pray Institute for Quran and Qibla


Islamic Compass: Prayer Times & Athan Alarm - барша мұсылмандарға арналған  қосымша.
Ислами тұсбағдар намаздың дәл уақыттары мен құбыла бағытын бір экранда  тура көрсетеді. Бағдарламада жердің қай бөлігінде жүрсеңіз де Мекке бағытын көрсетіп тұратын тартымды тұсбағдар бар. Намаз уақыты кіргенде азан айтылады. 


Жүктеу

Мұсылман қорғаны Нұсқа: 1.0

Sawab Soft


Құран мен сүнетте кездесетін дұғалар жинағы.
Авторы: Саид бин Уахф  әль-Кахтани.
Баршамызға танымал «Мұсылман қорғаны» кітапшасында өмірдің барлық жағдайына арналған дұғалар бар. Бұл бағдарлама осы дұғалар жинақталған. 


Жүктеу

Хадистер Нұсқа: 3.1

Alwawee


iPhone-ға арналған хадистер қосымша беті. Бағдарламада түрлі тақырыптарға арналған маңызды хадистер оқуға өте ыңғайлы түрде берілген.


Жүктеу

Muslim Pro [Ramadan edition] Нұсқа:5.0.2

Bitsmedia Pte Ltd


iPhone-ға арналған Рамазан айындағы ислами қосымша бағдарлама.   Мобильді құрылғыларға намаз уақыттарын тура уақытында көрсетіп береді. Muslim Pro бағдарламасында Құранның араб тіліндегі толық нұсқасы, аудио, құбыла бағыты, хижра бойынша ислами күнтізбе, халал мейрамханалар мен мешіттер картасы, т.б.  қамтылған. 


Жүктеу

iQuran HD Нұсқа: 1.3

Guided Ways Technologies Ltd


 iPad-қа арналған  iQuran HD бағдарламасы назарларыңызға Құранды толық османдық қаріп түрінде ұсынады. Бағдарламада  Құран оқу ережелері түрлі түстермен көрсетілген.


Жүктеу

Ислами тұсбағдар Нұсқа:1.1

Islam Pray Institute for Quran and Qibla


iPad- қа арналған Islamic Compass -  намаз уақыттарын есептеуге арналған айқындауыш тұсбағдар. iPhone және  IPod-қа арналған нұсқалары да бар. .
Islamic Compass for iPad  намаз уақыттары мен құбыла бағытын бір   экранда әлемнің кез-келген жерінен  көрсетіп береді. Намаз уақыты кіргенде арнайы азан айтылады. Ислами тұсбағдар мәліметтер базасына қосылмай-ақ жұмыс істей береді.


Жүктеу

Бүгінгі хадис



ҚАСИЕТТІ УАҚЫТТАР



.
/pic/news mesquite/0lhd.jpg
 

Намаз уақыты




( 2 наурыз, 2017 жыл )

Таң 6:31
Күннің шығуы 7:46
Бесін 13:30
Екінті 17:22
Ақшам 19:08
Құптан 20:23
   
Қазір: Құптан
Жергілікті уақыт 0:18
Таңға дейін 6:13

Намаз кестесін жүктеу

Бір айға     Бір жылға

ФОТОГАЛЕРЕЯ


 

 ../pic/img/maulit1.jpg

 

meshit_gl.jpg

 

kurban_gl.jpg

 

final_gl.jpg

 

 


 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

ДІНИ ФИЛЬМДЕР


                                                                                                                           
Умар Бин Аль-Хаттаб
Умар Бин Аль-Хаттаб 
 
 Халид ибн Валид
                                                                                        Халид ибн Валид 

БAҒДАРЛАМАЛАР


 

 

 /pic/news mesquite/cvQAo.jpg

Азан бағдарламасы - күніне  бес рет намаз уақыттарында арнайы  ойнатқыш арқылы дыбысталатын бағдарлама. Сіз өзіңіз орналасқан қаланы таңдасаңыз, бұл бағдарлама автоматты түрде намаз уақытын білдіріп, азан дыбысталады..

 

/pic/news mesquite/G8D4Y.jpg

 

Намаз оқу адамның ішкі (ниет) және сыртқы (дәрет) тазалығын талап етеді. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат..

 

ӨМІРДІҢ ҮЗІК СЫРЛАРЫ